oskemen.vko.gov.kz / НовостиНовости
Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Тумабаев Куат Мухитович - Өскемен қаласының әкімі

Қала әкімі қала тұрғындарының қабылдауын жүргізді

2017 жылдың 12 шілдесінде Өскемен қаласының әкімі Қуат Мұхитұлы Тумабаев жеке сұрақтар бойынша жеке және заңды тұлғалардың кезекті қабылдауын жүргізді.
Шахар басшысы түрлі мәселелер толғандырған 20-дан астам қала тұрғынын қабылдап, кездесу өткізді.
Көтерілген мәселелер «Аумақты Дамыту – 2020» бағдарламасы бойынша сапасыз жөндеу жұмыстары жасалынған үйлер, жол жөндеу, қоғамдық көліктің және жеңілдікпен жол жүру жұмыстарын жақсарту, спорттық және балалар алаңдарын орнату, Ахмирова а. және Аблакетка а. шалғай аудандарында балабақша құрылысы төңірегінде болды.
ЖМК ауданының тұрғындарын скверлер, саябақтар жетіспеу мәселесі толғандырды. Қабылдауда  жеке мәселелері бойынша: тұрғын үй беру, жұмыспен қамту, гараж және бизнес объектілері үшін жер учаскелерін бөлу сұрағын көтерді.
2017 жылдың 28 маусымында қала әкімімен өткізілген қабылдаудан кейін, қазіргі уақытта бірінші топтағы мүгедек З. С. Кусаиноваға тұрғын үй беру және жөндеу, Багдан Хмельницкий көшесіне қиыршық тас себу, 23 шағын ауданына балалар алаңын орнату мәселелері өз шешімін табуда.
Барлық сұрақтар қала әкімінің бақылауына алынып, олар бойынша мемлекеттік органдардың басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс үнемі қала әкімінің бақылауында. Қала әкімі Қуат Мұхитұлы Тұмабаев қала тұрғындарын әр айдың екінші және төртінші сәрсенбісінде қабылдайды. Жеке және заңды тұлғалар барлық толғандырған сұрақтар бойынша Пермитин көшесі, 17 үй мекен-жайындағы, Өскемен қаласы әкімінің аппаратына сағат 8:00 ден 20:00 түскі үзіліссіз 26-85-68 телефоны бойынша өтініш жасай алады.

Қала әкімі қала тұрғындарының қабылдауын жүргізді

Қала әкімі қала тұрғындарының қабылдауын жүргізді

Бет өзгертілді: 17-07-2017

15.12.2017
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының аясында бюджет есебінен субсидияланатын мүгедектерге арналған арнайы жұмыс орындарын құру қарастырылды.
15.12.2017
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті
14.12.2017
2017 жылғы 12 желтоқсанда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) филиалдарының барлығында «Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік» тақырыбында Ашық есік күні өтті.
14.12.2017
2017 жылдың 13 желтоқсанында Орталық балалар кітапханасында (М. Горький к-сі, 54) «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «С чего начинается Родина» атты сурет байқауы өтті.
14.12.2017
Ұрпақтар сабақтастығы – қоғам өміріндегі ең маңызды құбылыстардың бірі: адам, тек ұрпақтың өкілі ретінде ғана тарихпен байланысы бар, тарихи үдерістегі білімді қатысушы болады, өйткені ол өткенді сақтайды, одан әрі дамудың Ортақ векторын анықтайды.
13.12.2017
Тәуелсіздік - ең алдымен халқымыздың бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі.
13.12.2017
Ерікті зейнетақы жарналарын кім және қашан ала алады?
13.12.2017
Мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың қоғамға етене араласуы үшін бірдей мүмкіншіліктер жасау - мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі.
06.12.2017
Лизинг берушілер, ломбардтар, риэлторларға және бағалы металдар мен асыл тастар, олардан жасалған зергерлік бұйымдардың дилерге мәлімет үшін
29.11.2017
Бүгінде біз барлық қазақстандықтармен бірге - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнін атап өтудеміз.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11