oskemen.vko.gov.kz / НовостиНовости
Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

БИЗНЕСТІҢ  ӘЛЕУМЕТТІК  ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

«ПАРЫЗ» конкурсына – 10  жыл

2008 жылы  Жезқазғанда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі бірінші Форумды өткізу аясында  Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі жыл сайынғы республикалық конкурсты жариялап, қоғам алдында тұрған тапсырмаларды шешуге кәсіпкерлерді тартудың сапалы жаңа деңгейін тапсырды.  
Осы жылдарда «Парыз»  конкурсты бағалау мөлшері мен үлгісін қалыптастыруға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар кәсіпкерлердің бастауымен жобаны және әлеуметтік бағдарламаларды жемісті жетістіктерімен іске асырудың маңызды құралы  болды.
Конкурстың негізгі идеясы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру және арттыру болып табылады, себебі лайықты еңбек жағдайы және қоғамдық келісім үшін жағдай жасау сонымен қатар әлеуметтік тартыстардың азаюы кәсіпорындардың  қалыпты өркендеуінің  негізгі кепілі болып табылады.

Конкурстың басты мақсаты – отандық бизнесті дамытудың ең жоғары деңгейін белгілеу, Қазақстанның бәсекелестікке қабілеттілігін және өзімізден шығатын тауар сапасын арттыру.
Конкурс аясында оған қатысушылар өз бағдарламасын ұсынады, ал орталық мемлекеттік органдардың, кәсіптік одақтардың және жұмыс берушілер қауымдастығының өкілдерінен құралған комиссия әзірлеген әдістемеге сәйкес олардың әлеуметтік жауапкершілік деңгейін бағалайды.

Конкурс жеңімпаздарына мынандай төрт номинация: «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы», «Үздік ұжымдық шарт» және «Үздік  әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Экологияға қосқан үлесі үшін» бойынша және үш категоря бойынша – шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне конкурс лауреаттары атағы беріледі.
Конкурстың 10 жылдық мерейтойы қарсаңында оған қатысқан Өскемен қаласы кәсіпорындарының кейбір қорытындыларын жеткізу қажет. 
Жыл сайын бизнес-қоғамда әлеуметтік жауапкершілікке  түсінік  арта түсуде. 2008-2016 жылдары «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурсқа қаланың ең үздік 70 кәсіпорны қатысты. «Парыз» конкурсын өткізу кезеңдерінде Өскемен қаласының 6 кәсіпорны лауреат болды.

2008 жылы – «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша алтын мүсіншеге  «Шығыс –Сүт» ЖШС ие болды.
2009 жылы  – «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы»  номинациясы бойынша ірі кәсіпорындар арасында «Қазақмыс» ЖШС жеңімпаз болып танылды.
2010 жылы  – «Үздік  әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша «Қазақмыс» ЖШС және ПКФ «Титан» ЖШС иеленді.
2011 жылы  –  «Үздік  әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша «Парыз» қола сыйлығын «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ алды.
2013 жылы  – «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы»  номинациясы бойынша  алғаш рет облыста «Парыз» Гран-при  сыйлығына «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ лайықты болды.
2014 жылы  – «Еңбек  қорғау саласында үздік кәсіпорын»  номинациясы бойынша «Парыз» сыйлығы алтын мүсіншені «Азия Авто» АҚ алды.
2015  жылы  – «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ жеңімпаз болды.

«Қазақмыс» ЖШС және «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ  екі мәртеден  лауреат атанды.
Гран-при  – конкурстың жоғары наградасы жұмыста және корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік принциптерін іске асыруда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізген үміткерлерге берілді. Конкурс лауреаттарына тиісті диплом, эмблема және айрықша белгісі (мүсінше) берілді.
Конкурс лауреттарын марапаттау рәсімі жыл сайын салтанатты жағдайда өткізіледі. Конкурс лауреттары осы атақ берілгеннен кейін үш жыл бойы конкурс эмблемасын жарнамалық мақсаттарда пайдалану құқығын алады. Белгілі бір номинация бойынша конкурс лауреаты атағын алғаннан кейін екі жыл ішінде осы атақты алуға қайталап ұсынуға жол берілмейді,
Қала кәсіпорындары – конкурсқа қатысушылар денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт және экология салаларын дамытуға белсенді қатысты. Спорт кешендері, бала – бақшалар, аурухана және басқада әлеуметтік нысандар салуға қатысады.
Конкурс лауреаттарының кейбір жетістіктерінен мысал келтіруге болады.

Атап айтқанда, «Қазақмыс» ЖШС қазіргі деңгейдегі 280 орындық бір жастан алты жасқа дейінгі балалар үшін сомасы 1,2 млрд.теңге тұратын «Балапан»  бала – бақшасын,  700 млн.теңге сомасында жабық және ашық корттарымен теннистік орталық салды. Балалар үйін, қарттар үйін, аз қамтылған тұрғындарды, сонымен қатар, дене шынықтыру және спорт, дәстүрлі дінді, медицина мекемелерін қолдауға  691 млн.теңге бөлді.
ПКФ «Титан» ЖШС  әлемдік  тәжрибедегі әдістер бойынша өз тиімділігін дәлелдеген мүгедек балаларды емдеу–оңалту, сауықтыру ат спорты (иппотерапия) кешенін салды. Жабық манежді қоса есептегенде жалпы құны 270 млн. теңгені құрайды.
2011 жылы әлеуметтік инфраструктура нысандарын ұстау шығынына 825,4 млн. теңге бөлгені, сонымен қатар, тағы да  25,5 млн. теңге демеушілік пен қайырымдылық қорына  бөлгені  үшін «Парыз» қола сыйлығы «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ –на берілді.
2013 жылы «Өскемен титан –магний комбинаты» АҚ бас жүлденің кездейсоқ иегері болған жоқ: өзара ынтымақтастық және жеке мемлекеттік серіктестік меморандум аясында кәсіпорын Жаңа Согра кентінде медициналық орталық салды. Медициналық кешен 240 орындық емханасымен және әлеуметтік-профилактикалық медициналық көмек көрсету бөлімімен,м кеңестік-диагностикалық, оңалту және күндізгі статционарымен ашылды. Жобаның жалпы құны 1 016,9 млн. теңге, оның ішінде медициналық орталық қазіргі деңгейдегі құрал- жабдықтармен 228,8 млн. теңге сомасында жабдықталған.

Бұл мысалдар мемлекет пен жеке кәсіпкерлер арасындағы серіктестік қатынастар айрықша  нығайғанының куәсі. Бизнес  мүддесі – елдің әлеуметтік дамуы мәселесінде тең құқылы серіктес болу.
Бүгінгі таңда жеке кәсіпкерлердің және ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігі тұтас алғанда жұмыс күшінің сапасы мен жұмысшылар деңгейі арқылы айқындалады. Нақтырақ айтқанда, осы жағдай әлеуметтік бизнес жауапкершілігін дамытудың, әлеуметтік маңызды жобаларға белсенді қатысудың  құралы ретінде «Парыз» конкурсының мағыздылығын арттыра түсуде.

С.Әубәкіров
Л. Коконева

 

Бет өзгертілді: 28-07-2017

16.10.2017
Жіті респираторлы вирусты жұқпа (сосын ЖРВЖ) және тұмау - әлеуметтік маңыздылығы тұрғысынан адамдарда кездесетін барлық аурулардың арасында бірінші орынды иеленеді.
17.09.2017
17 қыркүйек күні сағат 18.00-де Металлургтер мәдениет сарайында Өскемен қаласы әкімінің жүлдесіне арналған Жайдарман Республикалық Фестивалі өтеді.
12.09.2017
Өткізу күні және уақыты: 2017 жылдың 17 қыркүйегі, сағат 11.00-14.0
24.08.2017
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа жолдаған Жолдауында және «Рухани жаңғыру» бағдарламасында...
03.08.2017
Өскемен 1.08.2017 ж. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Баспана» бірыңғай тарифтік бағдарламасын іске қосты
26.07.2017
Бүгін 2017 жылғы 26 шілдеде Өскемен қаласының әкімдігімен бірлесіп Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ басқарма төрағасы Марат Омаров жергілікті бизнес өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.
02.05.2017
Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» Қорының бірегей жобасы Ұлттық «Бала Дауысы» балалар ән байқауының екінші маусымы 12 мамыр, Павлодар қаласы, Естай атындағы мәдениет сарайында өтеді.
26.04.2017
Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне Баспасөз хабарлама
28.02.2017
Ұйымдастырушылары - қалалық білім бөлімі, «Оқушылар шығармашылық сарайы» КМҚК 
28.02.2017
Бірінші наурыздан Қазақстанда Discovery Showcase HD телеарнасы хабар таратуын бастайды.
1 2 3 4 5 6 7 8