oskemen.vko.gov.kz / НовостиНовости
Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Өскемен қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй берілуге мұқтаждар есебінде тұрған құрметті азаматтар!

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 922 қаулысын орындау үшін «Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабының 1-тармағының 1-1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген азаматтар санатына жататын, ЖАО кезекте тұрғандар, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаждар есебінде тұрған адамдар арасында, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ  сатып алумен коммерциялық және жалға алатын тұрғын үй бағыты бойынша өтініштер қабылдаудың басталатыны туралы хабарлайды, атап айтқанда:
- жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
- оралмандар;
- толық емес отбасылар;
-мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 68-бабының 2), 4) және 10) тармақтарын қоспағанда, атап айтқанда:
- 1 және 2 топтағы мүгедектер;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;
- мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адам-дардың отбасылары;
Осы бағыттың қатысушыларын қалыптастыру тұрғын үйге мұқтаждар есебіндегі тізімдерге және осы есепке қойылған күнге сәйкес жүргізіледі.

Өтініштер мен құжаттарды қабылдау «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы 28.08.2017 жылдан бастап 01.09.2017 жылды қоса алғанда жүзеге асырылады.

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Әкімдікке келесі типтегі, сатып алу жалға алу шарттарымен өткізілетін коммерциялық үй-жайлары бар көп пәтерлі тұрғын үйдегі пәтерлерді бөлуге берді:
№ 1 тип бір бөлмелі, максималды алаңы 44,9 шаршы метр, саны 9 пәтер, ай сайынғы жалға алу төлемінің максималды өлшемі 63 807,8 теңге;

№ 2 тип екі бөлмелі, максималды алаңы 66,7 шаршы метр, саны 7 пәтер, ай сайынғы жалға алу төлемінің максималды өлшемі 93 919,5 теңге;
№ 3 тип үш бөлмелі, максималды алаңы 86,1 шаршы метр, саны 4 пәтер, ай сайынғы жалға алу төлемінің максималды өлшемі 120 377 теңге;
Сіз пәтерлердің жобаларымен және коммерциялық үй-жайлары бар көп пәтерлі тұрғын үйдің орналасқан жерімен анағұрлым толығырақ «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ– www.fnsk.kz. сайтында таныса аласыздар.
Әкімдікке хабарласқанға дейін «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ - www.fnsk.kz. сайтына орналастырылған жалға алу төлемдерінің максималды сомаларын есептеу жөніндегі автоматтандырылған бағдарлама арқылы өзініңіздің төлемге қабілеттілігіңізді өздігіңізден тексеру ұсынылады. 

Сатып алумен құқығымен  жалға берілетін тұрғын үй алуға үміткерлерге келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1) пәтердің нақты типіне арналған өтініш;
2) өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәлан-дыратын құжат;
3) өтініш берушінің және онымен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінің тұрғылықты жері бойынша тіркелуі туралы мекенжай анықтамасы;
4) неке қию/бұзу, жұбайының қайтыс болуы туралы, балалардың туу туралы куәліктері, өтініш берушінің некеде тұрмайтындығы туралы нотариалды куәлан-дырылған өтініш;
5) өтініш берушіде және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне тиесілі Қазақстан Республикасының аумағы бойынша сатып алу құқығымен меншік құқығығндағы немесе жалға алынған тұрғын үйдің болуы немесе жоқтығы туралы анықтама;
6) жылжымайтын мүлікке арналған тіркелген құқықтары және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама (саман және каркасты-қамыс типті тұрғын үйлерде, жатақханалардағы бөлмелерде үлесі болғанда), сондай-ақ осы жағдайларда меншік құқығының туындауын растайтын құжаттардың көшірмелері.
7) басқа адамдарды өтініш берушінің мүшелері деп тану туралы сот шешімі;
8) кезектілік нөмірі мен бірегей нөмірін көрсетумен тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қою туралы мәліметтер (Бағдарламаға қатысуға өітініш берген кезде);
9) өтініш берушінің «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республи-касы Заңының 67-бабында анықталған санатқа қатысын растайтын құжаттар (халықтың осал тобына жататыны туралы анықтама; мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері үшін жұмыс орынынан анықтама);
10) жалақысы туралы анықтама;
11) отбасы мүшесінің мүгедектігін немесе кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерінің болуын растайтын анықтама.

Назар аударыңыздар! Іріктеуден өткен өтініш берушілердің жеке кабинеттеріне төлем қабілеттіліктерін растау үшін жолдама жіберіледі.

 

Бет өзгертілді: 11-08-2017

19.10.2017
«Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2017 жылғы 6 қарашада және 4 желтоқсанда сағат 10.00-де Киров көшесі, 33 мекенжайында сауда-саттықтың ағылшын тәсілі бойынша жер учаскелеріне жеке меншік құқығын немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сату бойынша аукцион өткізеді:
07.09.2017
«Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұсынған құжаттарды қарап,
06.09.2017
«Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының бағыттарын іске асырады.
11.08.2017
«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 922 қаулысын орындау үшін «Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ
11.08.2017
Өскемен қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй берілуге мұқтаждар есебінде тұрған құрметті азаматтар!
23.06.2017
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 922 «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын бекіту туралы қаулысын орындау мақсатында
25.05.2017
«Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2017 жылғы 12 маусымда сағат 10.30-де Киров көшесі...
15.05.2017
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 922 «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын бекіту туралы қаулысын орындау мақсатында, «Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ «Жас отбасылар үшін тұрғын үй» бағыты бойынша кейіннен сатып алумен жалға берілетін тұрғын үйді алуға өтініштер қабылданады.
10.05.2017
«Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2017 жылғы 26 мамырда және 12 маусымда сағат 10.00-де Киров көшесі...
12.04.2017
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 71-бабының 5-тармағына сәйкес «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ Өскемен қаласының коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының кезек тізіміне түгендеу жүргізілетіндігі туралы хабарлайды.
1 2 3 4