Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Тумабаев Куат Мухитович - Өскемен қаласының әкімі

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі 1 қыркүйекке дейін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыны беру үшін өтінімдерді қабылдайды

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны беру үшін мына бағыттар бойынша үміткерлерге конкурс жүргізу туралы жариялайды:
1) білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу;
2) азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау;
3) қоршаған ортаны қорғау;
4) жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;
5) демография проблемаларын шешу;
6) гендерлік проблемаларды шешу;
7) халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау;
8) жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету;
9) азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу;
10) азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау;
11) мәдениет пен өнерді дамыту;
12) тарихи-мәдени мұраны қорғау;
13) қоғамдық келісімді және ұлттық бірлікті нығайту;
14) өздерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметіне жәрдемдесу;
15) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу бойынша жүзеге асырылады.
Қатысуға Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген барлық үкіметтік емес ұйымдарға рұқсат етіледі.
Сыйлықақыны алуға үкіметтік емес ұйымдарды ілгерілетуді үкіметтік емес ұйымның өзі, басқа үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
Бір үкіметтік емес ұйым сыйлықақыны алуға бір номинациядан артық  ұсын алмайды. Сыйлықақыны алуға бір үкіметтік емес ұйымдарды қатарынан үш жыл ішінде қайта ұсынуға жол берілмейді.
Бір номинация бойынша сыйлықақы бір немесе бір мезгілде бірнеше үміткерге берілуі мүмкін. Бұл жағдайда сыйлықақы олардың арасында тең бөлінеді.
Сыйлықақыны алу үшін өтінімдерді ұсынуға арналған тізбе мыналарды:
1)    өтініш (осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес  нысан бойынша бірінші басшы немесе оның міндетін атқаратын адам қол қойған, үкіметтік емес ұйым қызметінің өзектілігі мен маңыздылығын сипаттайтын үкіметтік емес ұйымның, мемлекеттік органның ресми бланкідегі, сондай-ақ А4 форматындағы екі парақтан көп емес құрылтай құжаттарының көшірмелері);
2)    мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құрылтай құжаттарының және куәлiгiнің (анықтаманың) көшірмелерін;
3)    үкіметтік емес ұйымның қызметі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес  нысан бойынша әлеуметтік міндеттерді шешудегі үлесі туралы сипаттаманы  (А4 форматындағы екі парақтан көп емес);
4)    өтінім берген үкіметтік емес ұйымның қызметі туралы қоғамдастық (үкіметтік емес ұйымдар) өкілдерінің ұсынымдарын (екіден кем емес);
5)    марапат сертификаттар, дипломдар, алғыс (егер бар болса) көшірмелерін;
6)    үкіметтік емес ұйымның банк деректемелерін қамтиды.
Сыйлықақыны алу үшін үкіметтік емес ұйымдарды ұсыну жөніндегі өтінімдер Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам комитетіне мемлекеттік және орыс тілдерінде қағаз және электронды жеткізгіштерде (СD-дискілерде не USB-флеш-жинақтағыштарында PDF-форматта) 2017 жылғы 1 қыркүйекке дейін келесі мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы 8 (Орынбор көшесі 8), «Министрліктер үйі» ғимаратының 15-кіреберісіндегі 265-кабинет. Анықтама телефондары: +7 (7172) 74 05 11, 74 09 97.

 

Бет өзгертілді: 11-08-2017

19.10.2017
«Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2017 жылғы 6 қарашада және 4 желтоқсанда сағат 10.00-де Киров көшесі, 33 мекенжайында сауда-саттықтың ағылшын тәсілі бойынша жер учаскелеріне жеке меншік құқығын немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сату бойынша аукцион өткізеді:
07.09.2017
«Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұсынған құжаттарды қарап,
06.09.2017
«Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының бағыттарын іске асырады.
11.08.2017
«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 922 қаулысын орындау үшін «Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ
11.08.2017
Өскемен қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй берілуге мұқтаждар есебінде тұрған құрметті азаматтар!
23.06.2017
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 922 «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын бекіту туралы қаулысын орындау мақсатында
25.05.2017
«Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2017 жылғы 12 маусымда сағат 10.30-де Киров көшесі...
15.05.2017
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 922 «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын бекіту туралы қаулысын орындау мақсатында, «Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ «Жас отбасылар үшін тұрғын үй» бағыты бойынша кейіннен сатып алумен жалға берілетін тұрғын үйді алуға өтініштер қабылданады.
10.05.2017
«Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2017 жылғы 26 мамырда және 12 маусымда сағат 10.00-де Киров көшесі...
12.04.2017
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 71-бабының 5-тармағына сәйкес «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ Өскемен қаласының коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының кезек тізіміне түгендеу жүргізілетіндігі туралы хабарлайды.
1 2 3 4