Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Тумабаев Куат Мухитович - Өскемен қаласының әкімі

«Мектепке жол» атты республикалық акцияның баспасөз хабарламасы

Өткізу күні: 26-тамыз 2017 жыл
Өткізу орны: «Жастар» саябағы
Уақыты: сағат 10.00

Ұйымдастырушылар – Өскемен қаласының әкімдігі, Өскемен қаласының білім беру бөлімі.
Шараның мақсаты - аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде материалдық және өзге де көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік себептерге байланысты балалардың мектепке бармайтынын алдын ала ескерту.

2017 жылдың 1-тамыздан  бастап 30-қыркүйекке дейін «Менің таңдауым – балаларға көмек» ұранымен «Мектепке жол» атты республикалық акция өтетін болады.
Акцияға қаланың білім беру ұйымдары, өнеркәсіптік кәсіпорындар, сауда фирмалары, жеке кәсіпкерлер мен қала тұрғындары жыл сайын қатысады.
2017 жылдың 26 тамызда акцияның 1-кезең қорытындысы шығарылады. Бұл күні кәсіпкерлік бөлімі, «Еуразиялық банкі» АҚ, «Защита элеваторы»ЖШС, «Димаш-достар» жанкүйерлер тобының қоғамдық бірлестігі, мектеп қажеттіліктері салынған портфель түрінде аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан 70 балаға қала мектептері көмек көрсетеді.

31-тамызға дейін мектеп формасы, спорттық киімдер, аяқ-киімдер, мектеп қажеттіліктері түрінде 4437 оқушыға және олардың отбасыларына көмек көрсетілетін болады.
2017 жылдың 1 қыркүйектен 31 қыркүйекке дейін акцияның 2-кезеңі өтеді.

«Өскемен қаласының білім беру бөлімі» ММ,
Қ.Қайсенов көшесі 10а,
байланыс тел.: 8/7232/26-89-06
87779818526

 

Бет өзгертілді: 24-08-2017

Хабарлама

24.08.2017
Ұйымдастырушылар – Өскемен қаласының әкімдігі, Өскемен қаласының білім беру бөлімі.
22.06.2017
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 № 220 шілдедегі «2016-2018 жылдардың жазғы демалыс кезiнде балалардың сауықтыру демалысын, ойын-сауық және жұмыспен қамтамасыз етiлуiн ұйымдастыру туралы» қаулысын...
15.05.2017
Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 2017 жылдың 12 мамыр күні Өскемен қаласы әкімдігінің «Шығыс Қазақстан халықтарының тілдері мен мәдениетін түлету мектебі» КММ-де қалалық Абай оқулары байқауын өткізді.
12.05.2017
2017 жылы 12 мамырда ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы өткізіледі. ҚР Білім және ғылым министрлігі алғаш рет ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы күнін жариялады.
28.04.2017
2017 жылдың 22 сәуірінде «Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі» КММ қалалық «Менің атым Махамбет» айдарында «Махамбет оқулары» өтті.
12.04.2017
2017 жылдың 12 сәуірде Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Шығыс Қазақстан халықтарының тілдері мен мәдениетін түлету мектебінде үш тілді жетік білетін жастар арасында қалалық «Тілдарын» олимпиадасын өткізді.
10.04.2017
2017 жылдың 30 наурызында Өскемен қаласы білім беру бөлімінің жоспары негізінде «Жас техниктер станциясы» КМҚМ 11 сыныпқа сабақ беретін мұғалімдерге арналған қалалақ семинар өтті.
29.03.2017
КМҚК «№ 100 балабақша – бөбекжайында» Наурыз мерекесіне орай мерекелік іс- шаралар өтті.
10.01.2017
10.01.2017
1 2 3