oskemen.vko.gov.kz / НовостиНовости
Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы – білімнің үлесі» атты Өскемен қаласының білім беру ұйымдары қызметкерлерінің педагогикалық тамыз кеңесін өткізу туралы

Өткізу күні: 2017 жылдың 28 тамызда
Өткізу уақыты: сағат 9.00-12.20
Өткізу орны: «№ 46 орта мектебі» КММ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа жолдаған Жолдауында және «Рухани жаңғыру» бағдарламасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы №205 Жарлығымен бекітілген 2016-2019 жылдарда Қазақстан Республикасы білім және ғылымды дамыту Мемлекеттік бағдарламасында анықталған тапсырмаларды жүзеге асыру және 2017-2018 жаңа оқу жылында өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуге және оқытуға қажетті жағдайлар жасау мақсатында ағымдағы жылдың 28-тамыз күні Өскемен қаласының білім беру ұйымдары қызметкерлерінің педагогикалық тамыз кеңесі өтеді.
Міндеттер: негізгі бағыттарды жүзеге асыру бойынша 2016-2017 оқу жылына Өскемен қаласының білім беру жүйесі қызметінің қорытындысын шығару;
келесі оқу жылына қаланың білім беру жүйесінің даму тапсырмаларын анықтау;
Өскемен қаласының білім беру жүйесінің дамуы туралы қоғамдық оң пікір қалыптастыру және нығайту;
қаланың білім беру мекемелері рейтингісінің қорытындысын шығару.

Білім беру қызметкерлерінің пленарлық отырысына қатысушылар
Өскемен қаласының әкімі;
білім беру бөлімінің мамандары және әдіскерлері;
білім беру мекемелерінің басшылары;
оқу және тәрбие ісі жөніндегі мектеп директорларының орынбасарлары;
кәсіподақтар төрағалары;
ата-аналар қоғамдастығының өкілдері;
әдістемелік бірлестіктердің жетекшілері;
жас мамандар;
педагогикалық еңбек ардагерлері;
білім беру мекемелерінің педагогтары.
Тамыз кеңесінің жұмысына қатысуға облыстық және қалалық әкімдіктің, ШҚО білім беру саласында бақылау бойынша департаменттің, ШҚО білім беру басқармасының, «Өрлеу» МЖҰО ШҚО бойынша БАИ филиалының, жоғары оқу орындарының, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың, БАҚ-тың өкілдері шақырылады.

Кеңес бағдарламасында келесі жұмыс бағыттары бар:

- 2016-2017 оқу жылына қаланың білім беру жүйесі қызметінің қорытындысы бойынша қаланың білім беру бөлімі басшысының баяндамасы;
жарыссөзде сөз сөйлеу;
- Өскемен қаласының білім беру мекемелерінің педагогикалық инновация көрмесі;
- Өскемен қаласының білім беру мекемелерінің рейтингі қорытындысын шығару;
- кәсіби қызмет қорытындысы бойынша ең үздік білім беру қызметкерлерін марапаттау;
- конференция резолюциясын қабылдау;
- білім беру ұйымдарының директорлары орынбасарларының, пән мұғалімдерінің, қосымша білім беру педагогтарының, кітапхана қызметкерлерінің секциялық отырысы.

Педагогикалық тамыз кеңесінің ашылуы - 2017 жылдың 28-тамыз күні сағат 10.00-де өтеді.

Қосымша ақпарат бойынша мына мекенжайға хабарласуға болады:
Өскемен қаласы, Қ. Қайсенов көшесі 10а, Өскемен қаласының білім беру бөлімі, тел.: 8/732/21-12-59

 

Бет өзгертілді: 24-08-2017

16.10.2017
Жіті респираторлы вирусты жұқпа (сосын ЖРВЖ) және тұмау - әлеуметтік маңыздылығы тұрғысынан адамдарда кездесетін барлық аурулардың арасында бірінші орынды иеленеді.
17.09.2017
17 қыркүйек күні сағат 18.00-де Металлургтер мәдениет сарайында Өскемен қаласы әкімінің жүлдесіне арналған Жайдарман Республикалық Фестивалі өтеді.
12.09.2017
Өткізу күні және уақыты: 2017 жылдың 17 қыркүйегі, сағат 11.00-14.0
24.08.2017
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа жолдаған Жолдауында және «Рухани жаңғыру» бағдарламасында...
03.08.2017
Өскемен 1.08.2017 ж. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Баспана» бірыңғай тарифтік бағдарламасын іске қосты
26.07.2017
Бүгін 2017 жылғы 26 шілдеде Өскемен қаласының әкімдігімен бірлесіп Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ басқарма төрағасы Марат Омаров жергілікті бизнес өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.
02.05.2017
Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» Қорының бірегей жобасы Ұлттық «Бала Дауысы» балалар ән байқауының екінші маусымы 12 мамыр, Павлодар қаласы, Естай атындағы мәдениет сарайында өтеді.
26.04.2017
Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне Баспасөз хабарлама
28.02.2017
Ұйымдастырушылары - қалалық білім бөлімі, «Оқушылар шығармашылық сарайы» КМҚК 
28.02.2017
Бірінші наурыздан Қазақстанда Discovery Showcase HD телеарнасы хабар таратуын бастайды.
1 2 3 4 5 6 7 8