Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Тумабаев Куат Мухитович - Өскемен қаласының әкімі

Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы

«Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұсынған құжаттарды қарап, 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 81-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, 84-бабының 2-тармағының 2), 4) тармақшаларына, 85-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 6-тарауына сәйкес, «Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2017 жылғы 31 шілдедегі № 05-13/5347 өтінішін ескере отырып, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 200 төсек-орынға арналған облыстық туберкулезге қарсы диспансер салу мақсатында мемлекеттік қажеттіліктер үшін алып қоюға байланысты, Өскемен қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 15 тамыздағы № 2914 қаулысымен Станислав Владимирович Локотошқа мерзімі 2061 жылғы 15 тамызға шейін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығында берілген нысаналы мақсаты - автозауытты жобалау, салу және орналастыру үшін ауданы 135,2 га № 1/1 жер учаскесінің мәжбүрлеп иеліктен шығарылуы басталсын.
Мемлекеттік қажеттіліктер үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару күні - 2017 жылғы 15 желтоқсан.

2. «Өскемен қаласының жер қатынастыры және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулы жарияланған соң күнтізбелік 3 (үш) күннен кешіктірмей жер пайдаланушыға жер учаскесінің мәжбүрлеп иеліктен шығарылатыны туралы хабарлама жіберсін және заңды талап ретінде оның мемлекеттік тіркеуін жүргізсін.

3. Келісімдеу рәсімдерін жүзеге асыру үшін жер учаскесінің жер пайдаланушысы «Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүгінуге құқылы.

4. «Өскемен қаласының жер қатынастыры және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.

5. «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қажеттіліктер үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруға бюджеттен қаражат қарастырсын.

6. «Өскемен қаласының жер қатынастыры және ауыл шаруашылығы бөлімі» мен «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемелері осы қаулы қабылданған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

Өскемен қаласының
әкімі Қ. Тұмабаев

Бет өзгертілді: 07-09-2017

Хабарлама

07.09.2017
«Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұсынған құжаттарды қарап,
06.09.2017
«Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының бағыттарын іске асырады.
11.08.2017
«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 922 қаулысын орындау үшін «Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ
11.08.2017
Өскемен қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй берілуге мұқтаждар есебінде тұрған құрметті азаматтар!
23.06.2017
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 922 «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын бекіту туралы қаулысын орындау мақсатында
25.05.2017
«Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2017 жылғы 12 маусымда сағат 10.30-де Киров көшесі...
15.05.2017
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 922 «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын бекіту туралы қаулысын орындау мақсатында, «Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ «Жас отбасылар үшін тұрғын үй» бағыты бойынша кейіннен сатып алумен жалға берілетін тұрғын үйді алуға өтініштер қабылданады.
10.05.2017
«Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2017 жылғы 26 мамырда және 12 маусымда сағат 10.00-де Киров көшесі...
12.04.2017
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 71-бабының 5-тармағына сәйкес «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ Өскемен қаласының коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының кезек тізіміне түгендеу жүргізілетіндігі туралы хабарлайды.
13.03.2017
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 508 «Жарнама туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында жарнама жасау, тарату, орналастыру және пайдалану процесiнде туындайтын қатынастарды реттейдi.
1 2 3 4