Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Тумабаев Куат Мухитович - Өскемен қаласының әкімі

Өскемен қаласындағы 2017-2018жж. эпидемиялық маусымдағы жіті респираторлық вирустық жұқпалар аурушаңдығы бойынша алдын алу іс-шаралары

Жіті респираторлы вирусты жұқпа (сосын ЖРВЖ) және тұмау - әлеуметтік маңыздылығы тұрғысынан адамдарда кездесетін барлық аурулардың арасында бірінші орынды иеленеді.
Инфекциялық патологиялардың 90% ЖРВЖ және тұмаудан кейінгі аурулармен байланысты болады. Әдетте, күз, қыс және көктем кездерінде ЖРВЖ мен тұмауға шалдығу жиі кездеседі.
Әсіресе, жиі ауыратын балалар мен ересектер, иммундық қабілеті төмен, созылмалы ауруларды бар адамдар науқастанады.
Тұмауға шалдығу адамдармен сөйлесу кезінде, жөтелгенде, түшкіргенде, тұмау вирусымен зақымдалған тұрмыстық заттар мен кір қол арқылы да жұғады.
Науқас адам болған жерде бірге болу – ауруды жұқтырып алуға жетіп жатыр. Науқас адам жөтелгенде, сөйлескенде не түшкірген кезде ауаға тұмаудық қоздырғыштары бөлініп, ол сау адамның ағзасына ауыз арқылы кіріп, одан әрі көбейе бастайды. Аурудың белгілері 1-3 күннен кейін біліне бастайды.

ЖРВЖ және тұмаудың алғашқы белгілері:
дене қызуының көтерілуі, буын және бұлшық еттердің ауырсынуы, катаральды белгілер, бас ауруы, мұрыннан су ағу, жөтел, көзден жас ағу,  тамақтың  ауруы.
Тұмауға шалдықпас үшін қандай шаралар қолдану керек?

Ең бірінші
тұмауға қарсы екпе алу. Вакцинация жүргізуге ең қолайлы мерзім – 1 қазаннан 1 қарашаға дейін.

Вакцинадан бөлек тұмау және басқа да ЖРВЖ алдын алу үшін келесі шараларды есте сақтау керек:

-ағзаны шынықтыру,
-поли дәрумендерді, аскорбин қышқылын пайдалану,
-жел өтінде тұрмау,
-тоңазудан сақ болу.
-жеке бас гигиенасын сақтау.
-адамдар көптеп жиналатын орындарға баруды шектеу
-«жөтелу этикетін» сақтау (жөтелгенде, түшкіргенде және аурудың алғашқы белгілері болған жағдайда жеке қолорамал қолдану)
- науқас үйде жатқан жағдайда келесі ережелерді сақтау керек:
Жеке бас тазалығын, мүмкін болған жағдайда науқасқа жеке бөлме немесе жек орын бөлу, жеке ыдыс аяқ, төсек орын, орамал және т.б., бөлмені жиі желдетіп тұру және ылғалды жинау, сарымсақты, пиязды, лимонды тұтыну, дәруменделген шырындар мен сусындарды ішу.
- ЖРВЖ белгілері пайда болған кезде үйде қалып, жедел медициналық көмекті шақыру.

 

Бет өзгертілді: 16-10-2017

Хабарлама

16.10.2017
Жіті респираторлы вирусты жұқпа (сосын ЖРВЖ) және тұмау - әлеуметтік маңыздылығы тұрғысынан адамдарда кездесетін барлық аурулардың арасында бірінші орынды иеленеді.
17.09.2017
17 қыркүйек күні сағат 18.00-де Металлургтер мәдениет сарайында Өскемен қаласы әкімінің жүлдесіне арналған Жайдарман Республикалық Фестивалі өтеді.
12.09.2017
Өткізу күні және уақыты: 2017 жылдың 17 қыркүйегі, сағат 11.00-14.0
24.08.2017
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа жолдаған Жолдауында және «Рухани жаңғыру» бағдарламасында...
03.08.2017
Өскемен 1.08.2017 ж. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Баспана» бірыңғай тарифтік бағдарламасын іске қосты
26.07.2017
Бүгін 2017 жылғы 26 шілдеде Өскемен қаласының әкімдігімен бірлесіп Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ басқарма төрағасы Марат Омаров жергілікті бизнес өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.
02.05.2017
Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» Қорының бірегей жобасы Ұлттық «Бала Дауысы» балалар ән байқауының екінші маусымы 12 мамыр, Павлодар қаласы, Естай атындағы мәдениет сарайында өтеді.
26.04.2017
Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне Баспасөз хабарлама
28.02.2017
Ұйымдастырушылары - қалалық білім бөлімі, «Оқушылар шығармашылық сарайы» КМҚК 
28.02.2017
Бірінші наурыздан Қазақстанда Discovery Showcase HD телеарнасы хабар таратуын бастайды.
1 2 3 4 5 6 7 8