Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Тумабаев Куат Мухитович - Өскемен қаласының әкімі

Қауіпті "анарлар"!

Шығыс Қазақстан облыстық карантиндік зерханасы, ҚР АШМ АӨК МИК  «Республикалық өсімдіктер карантині орталығы зертханасы» ММ филиалының директоры
Губарева Наталья Сергеевна

Шығыс Қазақстан облысы нарықтарына ағымдағы жылы импорттық жемістердің карантиндік нысандармен әкеліну мәселесіорын алуда.

Қысқа мерзімде: 20 қыркүйектен 26 қазанға дейін облысқа Өзбекстан мен Қырғызстаннан 10 партиялық анарларжәне  құрмалар тиелген, жалпы салмағы 5,13 тонналық,  Комсток сымырын жұқтырған жемістер келіп түсті. Кішкентай зиянкестер - карантиндік нысан болып табылады, оны көру өте қиын, ал дернәсілдері мүлдем көрінбейді. Жәндіктерді тек зертханалық жағдайда микроскоп астында анықтау мүмкін. Оған тән ерекшелік - Комсток сымырымен жабылған ақ жүн тәріздес балауыз.Дернәсілдер мен ересек аналықтың өсімдіктергеқатты қаупті зиян келтіреді, олар жас бұтақтарды, жапырақтарды, бүршіктерді сорып алу арқылы өсімдіктердің өсуін кідіртуге әкеліп соқтырады. Ұрғашы жәндіктер өте өсімтал, олар бір ұрпақта 300 дана жұмыртқа салуға дейін қабілетті. Жұмыртқасын өсімдік жемістеріне, сондай-ақ түскен жапырақ астына және ағаш қыртыстарына салады.

Зиянды сымырдың колониясы бақша екпелерне елеулі залалын тигізеді:өрік, алма, алмұрт, жүзім, қарбыз және көптеген басқа да өсімдіктерге үлкен зиян келтіруі мүмкін. Ұсақ қанатсыз зиянкестің рационына 300-ден астам ағаш түрлері, бұталар, көкөніс және бақша дақылдары кіреді.
Қазіргі уақытта уәкілетті органдар карантиндік өнімдердің импортына мониторинг жүргізіп жатыр, бірақ бірқатар себептер бойынша нарықтарға және супермаркеттерге келген өнімдердің бір бөлігін ғана қарастырады.
Жиі мындай сұрақ койылады: Қазақстан аумағына сымыр қалай қауіп төндіре алады? Қауіпі бар, өйткені қалада және одан тыс жерде жәндіктермен ластанған жемістердің тіпті бір қорабы таралу көзі бола табылады.

Бұл зиянкес жемістермен пәтерге түскен кезде, бөлме өсімдіктеріне атап айтқанда азалия, аспарагус, кактус, лимон, пальмалар, фуксия және кейбір басқа да өсімдіктерге өте жақсы бейімделе алады.Ал көктемде «кездейсоқ»саяжай учаскесіне көшеттермен апарылады, содан кейін бау-бақша дақылдарын жұқтырады. Сымырдың ерекшелігі - жәндіктер өте жылдам жүгіреді және кез келген жаста жақсы қозғалады.

Тағы бір қауіп бар: қыста тіпті залалданған жеміс-жидектер немесе қабығы қоқыстарға түскен кезде де дернәсілдері жойылмайды. Күн жылынып кетсе, олар бірден топыраққа түседі, жаңадан туылған жәндіктер жем-шөп өсімдіктеріне шығады.Сонымен қатар, жәндіктерді жабатын ақ балауыз жабыны және аналықжәндіктердің жұмыртқа салатын ақ балауыз оларды судың зақымдауынан сенімді қорғайды.Бұл ерекшелігі зиянкестермен күресуді өте қиын етеді.Әрине, арнайы мамандандырылған дүкендерде Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген жүйелік инсектицидтерді сатып алуға болады, мысалы, «Ақтеллик 500», «Би 58».Олардың жаппай көбеюін тоқтату өте қиын  және үлкен қаражатты қажет етеді.
Қазіргі таңда облыс нарықтарында шырынды, дәмді құрмалар сатылуда, оларда Комсток сымырын жұқтыру қаупі бар.Сондықтан карантиндік нысанға қарсы тиімді алдын-алу шаралары:қала базарлар мен дүкендерде сатып алынған жемістердітексеру, ал маусымаралық кезеңде бақша учаскесіндегі өсімдіктердітұрақты және мұқият тексеру, карантиндік зиянкес құрғақ жерлерде тіршілік етуді артық көреді, ал  ылғалды жерде тіршілшік ете алмайтынын есте сақтау.
Айта кету керек, халықтың денсаулығы үшін карантиндік нысан қауіп төндірмейді, ал тамақ гигиенасы туралы мәселеге әр адам өзі үшін шешім қабылдайды.

 

Бет өзгертілді: 31-10-2017

Хабарлама

30.10.2017
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы енгізіле бастайды.
24.08.2017
2017 жылғы 23 тамызда Өскемен қаласының жұмыспен қамту қызметімен Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған, жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға ықпал ету және оларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдау мақсатымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.
31.05.2017
Пилоттық жоба іске қосылған сәттен бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қазақстанның перзентханалары мен перинаталдық орталықтарында баланың туылуы бойынша 260 мынан аса мемлекеттік қызметтерді көрсеткен.
25.05.2017
2017 жылы 24 мамырда «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» идеясын жүзеге асыру белгісімен бос жұмыс орындарының және мамандықтардың жәрмеңкесі өткізілді.
19.05.2017
2017 жылдың11 мамырында 15 мамыр Халықаралық отбасы күніне орай, Оқушылар шығармашылық сарайында жылдық қалалық сайыс отбасылар жарысы өтті
17.05.2017
Жұмыссыздарды 2017 жылғы 24 мамырда сағат 10.00-нан 13.00-ге дейін Киров көшесі бойындағы «Жастар» саябағында өткізілетін жалпы қалалық бос жұмыс орындарының және мамандықтардың жәрмеңкесіне қатысу үшін шақырамыз.
04.05.2017
Өскемен қаласының Жұмыспен қамту қызметімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жұмыстар жоспарының VI бөлігін жүзеге асыру аясында «Жас Отан» жастар қанатын және Қаланың жастар ресурстық орталығымен «Жұмыссыз жастар үшін ашық есіктер күні» республикалық акциясы өтті.
28.04.2017
Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған арнаулы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізу қорытындылары бойынша ақпарат
21.04.2017
«Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жұмыс берушілер мен жұмысқа орналасқысы келетін жұмыссыз азаматтарды мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мамандандырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне шақырады.
09.02.2017
2017 жылғы 9 ақпанда Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған мамандырылған бос орындар шағын жәрмеңкесі өткізілді.
1 2 3 4