oskemen.vko.gov.kz / НовостиНовости
Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Тумабаев Куат Мухитович - Өскемен қаласының әкімі

Назар аударыңыз  аукцион!

«Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2017 жылғы  8 желтоқсанда сағат 10.00-де Киров көшесі, 33 мекенжайында сауда-саттықтың ағылшын тәсілі бойынша жер учаскелеріне жеке меншік құқығын немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сату бойынша аукцион өткізеді:

Жер учаскелеріне жеке меншік құқығы:

  1. «Искра» ГИТК, № 163, 164 бокстардың маңында гараждарды салу және орналастыру үшін  ауданы 0,0051га жер учаскесі, бастапқы бағасы  210 000тг., салық 738 тг/жыл.
  2. Бажов көшесі,  № 494 учаскенің маңында дәмхана, дүкен, саунаны  жобалау, салу және орналастыру үшін ауданы 0,12га жер учаскесі, бастапқы бағасы  2308500 тг., салық 15633 тг/жыл.
  3. «Алтайская көшесі, № 36 учаскенің маңында кеңсе тауарлары дүкені мен шаштаразды жобалау, салу және орналастыру үшін  ауданы 0,0300га жер учаскесі, бастапқы бағасы  698 000тг., салық 3995 тг/жыл.
  4. Қаныш Сәтпаев атындағы даңғыл, № 4 үйдің маңында тұрмыс-тық қызмет үйін (химиялық тазалау)  жобалау, салу және  орналастыру үшін ауданы 0,0369га жер учаскесі, бастапқы бағасы  1 150 000тг., салық 5128 тг/жыл.
  5. Гагарин желекжолы, № 12 үйдің маңында сауда қатарларын орналастыру үшін ауданы 0,0640га жер учаскесі, бастапқы бағасы  1 488 300тг., салық 8523 тг/жыл.

Жер учаскелерін мерзімі 10 (он) жылға жалға алу құқығы:

  1. Қазақстан көшесі, № 92 үйдің маңында жазғы дәмхананы орналастыру үшін ауданы 0,0161га жер учаскесі, бастапқы бағасы 500 000 тг., жалдау  2797 тг/ж.

Жер учаскелерін мерзімі 6 (алты) жылға жалға алу құқығы:

  1. Самар тас жолы, № 15а учаскенің маңында сауда-өндірістік базасын жобалау, салу және орналастыру үшін  ауданы 1,0га жер учаскесі, бастапқы бағасы  3730000 тг., жалдау 166752тг/ж.
  2. Өскемен су қоймасының сол жағалауы, Левобережная көшесінде айлақты жобалау, салу және орналастыру үшін  ауданы 0,2521га жер учаскесі, бастапқы бағасы  500 000 тг., жалдау 39411тг/ж.
  3. Ворошилов көшесі, № 97 тұрғын үйдің маңында сауда киоскісін орналастыру үшін ауданы 0,001125га жер учаскесі, бастапқы бағасы  200 000 тг., жалдау 173тг/ж.
  4. Тәуелсіздік даңғылы, № 27 үйдің маңында баспасөз өнімдерін сату киоскісін орналастыру үшін  ауданы 0,0013га жер учаскесі, бастапқы бағасы  200 000 тг., жалдау 208тг/ж.
  5. Самсоновка ауылының маңында спорттық демалыс базасын жобалау, салу және орналастыру үшін ауданы 13,1га жер учаскесі, бастапқы бағасы  3330000 тг., жалдау 2047923тг/ж.
  6. Потанин көшесі, № 13 үйдің маңында сауда киоскісін орналастыру үшін ауданы 0,0042га жер учаскесі, бастапқы бағасы  200 000 тг., жалдау 730 тг/ж.

Аукционға қатысу үшін кепілдік жарна сауда-саттық объектісінің бағасының 5 пайызын құрайды, бірақ 50 айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек.

Ауыртпалықтар (шектеулер): ортақ пайдалану жерлерінде уақытша өтеулі жер  пайдалану құқығына қатысты мәмілелер жасасуға жол бермеу; Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 3 шілдедегі № 163 қаулысымен белгіленген су қорғау аймағының аумағында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сай шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимін сақтау; уақытша өтеулі жер  пайдалану құқығына қатысты мәмілелер жасасуға жол бермеу; Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 6 қазандағы № 266 қаулысымен белгіленген су қорғау аймағының аумағында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сай шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимін сақтау; санитарлық-қорғау аймағын ұйымдастыру жобасы жасалсын; ортақ су пайдалану объектілеріне халықтың кіруін қоршаулар, күзет пункттерін, тыйым салатын белгілер орнату жолымен шектеуіне тыйым салынады; ғимараттар мен имараттардың күрделі құрылысын болдырмау.

Сауда-саттықтың ағылшын тәсілі бойынша аукцион өткізу шарттары:
аукционшы объектінің бастапқы бағасын және бағаның ұлғаю қадамын хабарлайды. Сауда-саттыққа қатысушылардың нөмірді көтеруі бастапқы бағаны өсіреді, бірақ ол хабарланған қадамнан кем болмауы керек. Аукционшы объект бойынша аукционға қатысушылардың аукциондық нөмірлерін хабарлайды, бағаны бекітеді және оны өсіруді ұсынады. Аукционшы объект үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушыны хабарлайды да, объектінің соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерілген нөмірлер болмаған кезде балға соғу арқылы аталған объектінің сатылғаны туралы хабарлайды. Егер объект бойынша сауда-саттықта қатысушылардың саны екіден кем болмаса, сауда-саттық өткізілді деп есептеленеді.

Жер учаскелерін сату шарттары: нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану, игеру шартын жасау, объектіні жобалау үшін сәулеттік-жайғастыру тапсырмасын алу, сервитуттар беру, жер салығын немесе жалдау сомасын уақытылы төлеу.
Сауда-саттықта анықталған учаскенің құны 50 % мөлшерінде аванстық төлем түрінде сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 5 (бес) банк күнінен кешіктірілмей төленеді, ал қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей енгізілуі тиіс.
Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін аукционға қатысуға өтініш; тұлғасын куәландыратын құжат; кепілдік жарна енгізілгенін растайтын төлем құжаты; өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат ұсынылуы қажет.
Заңды тұлғалар қосымша заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін ұсынады.
Объектіні сатып алу-сату шарты, жергілікті атқару органның жер учаскесіне меншік немесе жалдау құқығын беру туралы шешімі (ол аукцион аяқталған соң екі жұмыс күнінен кешіктірмей қабылданады) қабылданған күнен бастап бір жұмыс күннің ішінде ішінде жасасылады.

Аукционды ұтып алған тұлғаның кепілдік жарнасы сатып алу-сату шарты бойынша төленетін төлемдердің есебіне жатады. Кепілдік жарна әр объект бойынша жеке енгізіледі.
Кепілдік жарна «Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің депозиттік шотына енгізіледі: БСН 000440004303, БСК ККМFKZ2A «ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті» мемлекеттік мекемесі. Депозит шотының нөмірі KZ480705034981501006. КБе 16, КНП 171
Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап мына мекенжайда: «Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Өскемен қаласы, Киров көшесі, 33, № 25 кабинет мекенжайында жүргізіледі де, аукцион басталуынан 24 (жиырма төрт) сағат бұрын аяқталады. Қосымша ақпарат пен анықтамалар үшін телефондар: 8 (7232) 26-34-64.

 

Бет өзгертілді: 22-11-2017

15.12.2017
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының аясында бюджет есебінен субсидияланатын мүгедектерге арналған арнайы жұмыс орындарын құру қарастырылды.
15.12.2017
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті
14.12.2017
2017 жылғы 12 желтоқсанда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) филиалдарының барлығында «Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік» тақырыбында Ашық есік күні өтті.
14.12.2017
2017 жылдың 13 желтоқсанында Орталық балалар кітапханасында (М. Горький к-сі, 54) «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «С чего начинается Родина» атты сурет байқауы өтті.
14.12.2017
Ұрпақтар сабақтастығы – қоғам өміріндегі ең маңызды құбылыстардың бірі: адам, тек ұрпақтың өкілі ретінде ғана тарихпен байланысы бар, тарихи үдерістегі білімді қатысушы болады, өйткені ол өткенді сақтайды, одан әрі дамудың Ортақ векторын анықтайды.
13.12.2017
Тәуелсіздік - ең алдымен халқымыздың бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі.
13.12.2017
Ерікті зейнетақы жарналарын кім және қашан ала алады?
13.12.2017
Мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың қоғамға етене араласуы үшін бірдей мүмкіншіліктер жасау - мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі.
06.12.2017
Лизинг берушілер, ломбардтар, риэлторларға және бағалы металдар мен асыл тастар, олардан жасалған зергерлік бұйымдардың дилерге мәлімет үшін
29.11.2017
Бүгінде біз барлық қазақстандықтармен бірге - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнін атап өтудеміз.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11