oskemen.vko.gov.kz / НовостиНовости
Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Жыл сайын бізге өзінің бейғамсыздығынан...

Жыл сайын бізге өзінің бейғамсыздығынан, жұқа мұзда сырғанақ теуіп жарақаттанушылардың көбейіп келе жатқандығы туралы қайғылы ақпараттар көптеп келіп түседі. Әсіресе, бұл қыста балық аулағанда немесе рұқсат етілмеген мұз өткелінде жиі болады. Кейде адамдар мысалы, үйіне жету үшін жолды қысқартып, қатты асығып, қауіптілікті ұмытады және де жаңа қатқан суайдыннан өтіп кетуге тырысады.
Ең басында, мұзда өзін қауіпсіз ұстау ережесін оқып, білген артық болмас еді. Ең бірінші ереже – егерде сіз мұздың мықты еместігін көрсеңіз немесе білсеңіз, онда оны баспаңыз. Егерде сіз мұзды басқанда оның мықты емес екендігін байқасаңыз, қозғалмаңыз және келген ізіңізбен кері қайтыңыз. Ол үшін мұздан аяғыңызды көтермей, алғашқы қадамыңызды жасаңыз.
«Мұз қармен жабылып тұрғанда, сіз жан-жаққа айрылып кететін кішкене тарамдалған жарықшақтардың аяқ астында пайда болғанын көре аласыз. Сондай-ақ аздап сықырлаған дыбыс естілуі мүмкін, егерде бұл қиын жағдай болмаса, мұндай мұз үстімен жүруге болмайды. Бірақта сіз одан басқа дөңгелек жарықшақтардың пайда болғанын байқасаңыз, онда мұздың әп-сәтте ойылып кететінін біліңіз. Жүгіруге болмайды, ептеп жатыңыз және сізге қауіп төнбейтін жерге сырғанаңыз», - деп Өскемен қаласы ТЖ  басқармасының АҚ бөлімшесінің бастығы Дастан Ахметов түсіндірді.

Осылардан басқа:
Түнде немесе тұманды, жаңбырлы күнде, қар жауғанда мұз үстімен жүрмеңіз.
Ешқашанда балаларды өздігімен мұзда сырғанауға жібермеңіз.
Мұздың мықтылығын тексеріп оны аяқпен теппеңіз. Егерде сіз оның қалыңдығын ағашпен тексерсеңіз, және де бір ұрғаннан кейін су шықса, онда оның үстімен жүрмеңіз.
Қатып қалған суайдындардан өткен кезде, мұз өткелдерін қолданыңыз. Өзіңізбен мықты үлкен арқан алыңыз (ұзындығы 20-25 м). Оның бір ұшында ілмек, екінші ұшында жүк болу керек. Егерде кімде-кім құлап кетсе, ол ілмекті ұстай алатындай қылып, арқанды лақтыру керек.
Қыста мұзда өзін-өзі ұстаудың барлық ережесін сақтаңыз және мас күйде мұзға ешқашан бармаңыз. Өз өміріңізді сақтаңыз, өйткені мас күйде сіз қауіптілікке назар аудара алмай қаласыз.

Мұзда балалардың өзін ұстау ережесі

Балалар қысты өте жақсы көреді. Қыс балаларға қар лақтырып ойнауға және коньки тебуге мүмкіндік береді. Бірақта мұз өте сынғыш және қауіпті зат, сондықтан есте сақтаңыз:
Мұздың қалыңдығы 7 см кем болмау керек.
Топ боп жүргенде, бір бірінен ара қашықтық 6 м болатындай алдыңғы адам қалдырған ізбен жүру керек.
Егерде мұздың үсті қар болса, онда оған шықпаңыз, өйткені тесілген жерге тап болуыңыз мүмкін.
Көктемде мұзға шықпаңыз, әсіресе көпір астында немесе жағалау маңында.
Егерде сынғыш мұзды басып кетсеңіз, артқа еңбектеп немесе домалап жылжыңыз.
Сынған мұзды көрсеңіз, оны баспаңыз, ол оңай төңкеріліп кетеді.
Бірақта, егерде сіз мұз астына түсіп етсеңіз, не істеу керек? Міне, Өскемен қаласының ТЖ басқармасы қызметкерлері мынандай кеңес береді:
Егерде сіз құлап кетсеңіз, қолыңызда ұстаған заттарды тез лақтырып жіберіңіз.
Қолдарыңызды кеңірек жайып, мұз шетінен ұстауға, қолыңызды зақымдап алмауға тырысыңыз.
Сізді су ағыны алып кетпейтіндей, шеттегі бағыт бойынша жылжыңыз.
Мұзға артық қимыл жасамай ептеп еңбектеп шығыңыз.
Егерде күш – қуатыңыз кетсе, өздігіңізден шыға алмасаңыз, аяқ-қолдарыңызды кеңірек жайып, көмекке шақырыңыз.
Мұз астына түсіп кеткен бөгде адамды көріп қалсаңыз, оған көмектің келетінін білдіріп белгі беріңіз. Оған еңбектеп, оданда мүмкіндігінше өз астыңа шаңғы немесе тақтай сап жақындаған дұрыс. Ешқашанда мұз шетіне жақындамаңыз! Зардап шегушіге жақындаған соң, ол ұстап шыға алатындай, кез келген затты созыңыз. Оны шұғыл қимыл жасамастан шығарып алыңыз. Одан соң оны тез арада жылы жайға апарыңыз.

Өскемен қаласы ТЖ басқармасының ақпараты

Бет өзгертілді: 28-11-2017

28.12.2017
2017 жылдың желтоқсан айында Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің батырларымен таныстыру мақсатында қала орта мектептерінде: №36 №35 №26 №10 №11 №39 №11 мектебінде
12.12.2017
Өскемен қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы азаматтардың назарына, заңдылықты бұзушылықтар, оның ішінде қылмыстарды есептен жасыру туралы «сенім телефонына» келіп түскен азаматтардың хабарламаларын қабылдаудың
28.11.2017
Өскемен қ. Төтенше жағдайлар басқармасы аңшыларға қарапайым қауіпсіздік ережелерін ескертеді.
28.11.2017
Жыл сайын бізге өзінің бейғамсыздығынан, жұқа мұзда сырғанақ теуіп жарақаттанушылардың көбейіп келе жатқандығы туралы қайғылы ақпараттар көптеп келіп түседі.
17.10.2017
Қазақстан Республикасының Құтқарушылар күніне орай Өскеменнің оқушылары ержүрек өрт сөндірушілер, сүңгуірлер және құтқарушылар үшін нағыз сыйлық дайындады, ұлдар мен қыздар сурет және плакаттар байқауы аясында кәсіптің барлық кезеңдерін көрсетті
29.09.2017
Алғашқы медициналық көмек көрсету қағидаларына өскелең ұрпақты оқыту мақсатында ШҚО ТЖД мамандары «Эставелла» балалар-жасөспірімдер клубының жас құтқарушылары үшін сабақ өткізді.
26.09.2017
№ 36 КММ жалпы мектептік сапқа тұруда Өскемен қ. ТЖБ мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің мамандары өтіп жатқан өрт қауіпсіздігі айлығы аясында оқушыларға Өскемендегі өрттердің статистикасы, олардан және тұншықтырғыш газбен улану жағдайларынан қаза болғандар саны туралы айтып берді.
20.09.2017
Өскемен қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы мамандарының қатысуымен Өскемен қаласы әкімдігі «Жас құтқарушылар мектебі» КМҚК ұстаздары өрт қауіпсіздігі айлығына белсенді қатысып, КМҚК «Жас техниктер станциясы» ұстаздарына өртті алдын алу іс-шаралары бойынша өрт қауіпсіздігі ережелеріне қатысты практикалық сабақ өткізді.
18.09.2017
Келе жатқан Құтқарушы күні және өтіп жатқан өрт қауіпсіздігі айлығы аясында «Оралхан Бөкей атындағы Орталық кітапхана жүйесі» КММ-де кітап көрмесі ашылды.
04.08.2017
Шығыс Қазақстан облысы бойынша күндіз 04 тамызда кей жерлерде оңтүстік-шығыс жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
1 2 3 4 5 6 7 8