oskemen.vko.gov.kz / НовостиНовости
Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Өскеменнің жолдарында «ақылды» бағдаршамдар пайда болады

Облыс орталығында жол қозғалысын ұйымдастыру саласында  айтарлықтай өзгерістер орын алмақ. Тек өзгеріс қана емес. Қалалықтардың тұрмысын барлық салада жақсарта түсуге бағытталған "Ақылды қала" жобасына «интеллекті»  бар бағдаршам орнату да кіреді.
«Ақылды бағдаршам» жүйесі контроллерден, камерадан және телеметрикалық қозғалыс датчиктерінен тұрады, олар нақты уақыт режимінде қиылыстардағы көліктің көптігін бағалап, осы ақпаратты басқарманың орталық серверіне жібереді. Оталық сервермен байланыс радио арқылы немесе байланыстың оптикалық желілері бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Одан кейін датчиктердің көрсеткіштерінің негізінде орталық сервер бағдаршам контроллерлеріне қызыл немесе жасыл жарықты жағуға команда береді. Бұл автокөліктердің қиылыстарда тұру уақытын барынша қысқарту үшін қажет.
- Бағыттардың жүктемелігіне байланысты детекторлар автоматты түрде сигналдарды қызылдан жасылға ауыстырып отырады, - дейді ШҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Сергей Коваленко. - Сондай-ақ, бұл жүйе «ақылды» бағдаршамдарға орнатылатын арнайы датчик-детекторлар арқылы жол жүру ережелерін бұзуды да тіркеп отырады. Бұл сатыда ықтимал жеткізушілердің ұсыныстары қаралады.

Жүйе көлік жағдайын 15-30 минутқа алдын-ала болжап, трафикті басқарудың тиімді жоспарын құра алады. Қиылыстарда Жол-көлік оқиғасы орын алса, жоспар автоматты түрде түзетіледі. Датчиктердің типіне қарай, жүйе қоғамдық көліктердің,  жедел қызметтердің және «арнайы еріп жүрушілердің» қозғалыстың қалған қатысушыларының алдындағы басымдылығын есептей алады. Ақау туындаған жағдайда бағдаршамдар автономды жұмыс режиміне көшіп, қиылыстар дәстүрлі әдіспен реттеле бастайды. Бұл штаттан тыс жағдайлар кезінде көлік коллапсын болдырмауға мүмкіндік береді.
"Ақылды қала" жобасы  қалалықтардың тұрмысын барлық салада жақсарта түсуге бағытталады. Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аймақ басшысы Даниал Ахметов осы жобаны егжей-тегжейлі тсексеруді тапсырып отыр. Жобаның жиынтығында көшені жарықтандыру жүйесін, жол қозғалысын және төтенше жағдайларды басқаруды, сондай-ақ, тұрғын үйлердің аулалары мен адамдардың көптеп жиналатын орындарында бейнебақылау камераларын орнатуды да қамтылуға тиіс.
"Ақылды қала" концепциясы Қазақстанның үш қаласында енгізіліп қойған: Алматы, Астана және Шымкент. Аталмыш жобаның құны мен облыс орталығында енгізу уақыты әзірше белгісіз. Қазір ол жоспарлау және инвесторды анықтау кезеңінен өтуде.
Жақын болашақта жаңа технологияларды енгізу қылмыстың төмендетуге, көлік мәселесін шешуге, бюджетті үнемдеуге жағдай жасайды.

 

Бет өзгертілді: 07-12-2017

15.12.2017
2017 жылы 14 желтоқсанда Орталық қалалық кітапханада (Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) «Одна страна – одна судьба» атты мерекелік бағдалама ұсынылды.
23.11.2017
2017 жылдың 22 қарашасында Орталық қалалық кітапханада, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын түсіндіру бағдарламасы аясында
22.11.2017
Шығыс Қазақстанда шығысқазақстандық жастар әлеуметтік желілер арқылы Елбасы мен республикамыздың барлық тұрғындарын мерекемен құттықтайтын «Ақ тілекпен, Елбасыға!» – «Наши поздравления – нашему Президенту!» жастар акциясы бастау алды.
22.11.2017
Аль Куддус мешіті қасиетті жер – Белуха тауының етегінде орналасқан.
22.11.2017
ШҚО-дағы үш тілді оқыту жобасы «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту республикалық бағдарламасының аясында, ШҚО Білім басқармасының «Шығыс» аймақтық орталығы әзірлеген «ТӘРБИЕ ЖӘНЕ БІЛІМ» ішкі бағдарламасында жүзеге асырылуда. Құрушылар өз жобасынақтан етеді.
22.11.2017
Бұл жердегі сөз республикалық деңгейде ензізіліп, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын үш тілде берілетін сабақ туралы емес.
22.11.2017
Tylek.kz (ШҚО түлектері) сайтының редизайны бойынша жұмыс тәмамдалып қалды.
22.11.2017
Ұлан ауданнында жекеменшік тұрғын үй құрылысына жер телімдерін бөлу бос орындарда жүзеге асырылып жатқан жоқ.
22.11.2017
Алакөл — Шығыс Қазақстандағы ірі көл. Оның аумағы 2650 шаршы метр. Көл ШҚО Үржар ауданы мен Алматы облысының шекарасында орналасқан.
22.11.2017
В Усть-Каменогорске прошла благотворительная акция Участники мероприятия наполнили продуктами «Полку добра» в магазине «Колос», передает корреспондент YK-news.kz
1 2 3 4 5 6 7 8