Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Тумабаев Куат Мухитович - Өскемен қаласының әкімі

ШҚО-да 5-7 сынып бағдарламасында мектептен тыс жерде өтетін сабақтар пайда болды

Облыс орталығындағы № 30 орта мектептің алпыс оқушысы мұғалімдері Анна  Фёдоровна Полковниковамен бірге Ақбауырға* барып қайтты. Мұғалімнің бұл жерді таңдау себебі —  қола дәуірі тақырыбында оқушылар біраз қиындықтарға тап болған екен. Ұлан ауданында орналасқан көне ордаға бару мұражайлық сабақ аясында өтіп отыр. Мұндай жаңашылдық 2017/2018 жылдардағы мектеп бағдарламасында пайда болды.
ШҚО Білім басқармасының «Шығыс» аймақтық орталығы басшысының орынбасары Аркадий Исаев: «1 қыркүйектен бастап біз тарих, география, әдебиет және ән-күй сабақтарында туған өлкені тануға бес сағат енгіздік. Бұл мектептік жүктемінің ішіне кіреді. Қазақстан тарихына арналған 68 сағат бар. Біз оның шегінен шықпаймыз. Аудандар бойынша бірыңғай күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау кезінде осы сағаттарды енгізіп отырмыз. Бірінші тоқсанда мектептен тыс бұл сағаттар өтіп қойды. Балалар өлкетану мұражайына, өнер мұражайына, театрға барып қайтты».
№ 8, 17, 38 орта мектептер де Ақбауырда сабақ өткізіп үлгерді. Мұндай сабақтарды облыстық этнографиялық мұражай ұйымдастырып, мектептрге экскурсия жетекшісін ғана емес, көлік те ұсынады екен. Ал облыстыө экобиоорталық Ақбауырмен қатар Қызылтас үңгіріне де саяхта ұйымдастырады. Ол жерде қол дәуіріндегі тасжарғылар бар. Экскурсияның бағасы  әр адамға 1200 теңге.
«Бұл менің өмірімдегі ең тамаша сабақ болды!» - деп өз ойымен бөлісті бесінші сынып оқушысы. Оның бұл қуанышын түсінуге болады. Көзбен көріп, қолмен ұстаған тарих таңсық әрі жат болып көрінбейтіні сөзсіз.

Фотосурет Наталья Тишковец 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ШҚО Білім басқармасының «Шығыс» аймақтық орталығы  «Туған өлке тарихы» атты жоба әзірледі. Бұл жоба  туған өлкеге деген сүйіспеншілікті, оның тарихы мен мәдениетіне деген құрметті оқушлыардың бойында тәрбиелеуге арналған. Мәдение-тарихи нысандарға бару мүмкіндігі жоқ ауыл мектептерінің оқушылары үшін арнайы бейнематериалдар дайындалуда.

Біздің анықтама

*Ақбауыр - қола дәуірінің ескерткіші.  ШҚО Ұлан ауданындағы Бестерек ауылының солтүстігінен 3 км жерде таудың етегінде орналасқан.  Төбесі қуыс, іші конус тәріздес күркеге ұқсайтын үңгір.Үңгір таудың етегінен 5 – 6 м. биік орналасқан.  Көп адам табынатын, киелі орын болған. Үңгір қабырғасындағы қызыл күрең охрамен салынған суреттер б.з.б. 3-мыңжылдықтың басына жатады. Қабырғасында қос аяқты арба, өгіз, таутекенің, адамдар мен күркелердің суреттері бейнеленген.

Бет өзгертілді: 07-12-2017

15.12.2017
2017 жылы 14 желтоқсанда Орталық қалалық кітапханада (Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) «Одна страна – одна судьба» атты мерекелік бағдалама ұсынылды.
23.11.2017
2017 жылдың 22 қарашасында Орталық қалалық кітапханада, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын түсіндіру бағдарламасы аясында
22.11.2017
Шығыс Қазақстанда шығысқазақстандық жастар әлеуметтік желілер арқылы Елбасы мен республикамыздың барлық тұрғындарын мерекемен құттықтайтын «Ақ тілекпен, Елбасыға!» – «Наши поздравления – нашему Президенту!» жастар акциясы бастау алды.
22.11.2017
Аль Куддус мешіті қасиетті жер – Белуха тауының етегінде орналасқан.
22.11.2017
ШҚО-дағы үш тілді оқыту жобасы «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту республикалық бағдарламасының аясында, ШҚО Білім басқармасының «Шығыс» аймақтық орталығы әзірлеген «ТӘРБИЕ ЖӘНЕ БІЛІМ» ішкі бағдарламасында жүзеге асырылуда. Құрушылар өз жобасынақтан етеді.
22.11.2017
Бұл жердегі сөз республикалық деңгейде ензізіліп, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын үш тілде берілетін сабақ туралы емес.
22.11.2017
Tylek.kz (ШҚО түлектері) сайтының редизайны бойынша жұмыс тәмамдалып қалды.
22.11.2017
Ұлан ауданнында жекеменшік тұрғын үй құрылысына жер телімдерін бөлу бос орындарда жүзеге асырылып жатқан жоқ.
22.11.2017
Алакөл — Шығыс Қазақстандағы ірі көл. Оның аумағы 2650 шаршы метр. Көл ШҚО Үржар ауданы мен Алматы облысының шекарасында орналасқан.
22.11.2017
В Усть-Каменогорске прошла благотворительная акция Участники мероприятия наполнили продуктами «Полку добра» в магазине «Колос», передает корреспондент YK-news.kz
1 2 3 4 5 6 7 8