oskemen.vko.gov.kz / НовостиНовости
Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүмкіндігі шектеулі азаматтардың  алдындағы жауапкершілігі

Мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың қоғамға етене араласуы үшін бірдей мүмкіншіліктер жасау - мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі.
Мемлекет Басшысы «2050 - Қазақстан жолы: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында мүмкіншіліктері шектеулі азаматтарға қолдау көрсетуге, оларға кедергісіз орта қалыптастыру қажеттігіне баса назар аударды.
Қазақстан Республикасының 2015 жылы 20 ақпандағы Заңымен мүгедектердің құқықтары туралы Конвенция ратификацияланған. Бұл Заң ҚР Конституциясымен, және де Қазақстан қатысушы болып отырған халықаралық келісімдермен бекітілген, мүгедектерге басқа азаматтармен бірдей құқықтары мен бостандық мүмкіншіліктерін іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған. Заңның негізгі міндеттері болып, мүгедектерге және халықтың қимылы шектеулі топтарына басты сипаттағы өмір тіршілігі салаларындағы объектілер мен қызметтерге қолжетімдігін қамтамасыз ету, оңалту саласындағы қызметтер көрсету механизмдерін жетілдіру, мүгедектерге өмір тіршілігін жақсартуға және қоғамға етене араласу үшін бірдей мүмкіншіліктер жасау болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияға және және осы Конвенцияға қатысты Факультативтік хаттамаға қол қою туралы» 2008 жылы 11 желтоқсандағы № 711 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкметінің 2012 жылы 16 қаңтардағы қауылысымен «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» бекітілген (ары қарай – іс-шаралар Жоспары).

Іс-шаралар Жоспарының негізгі міндеттері болып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен қосымшалар еңгізу арқылы мүгедектердің құқықтарын, бостандықтарын және  мүдделерін қорғау саласындағы заңнамаларын бірыңғайлау және техникалық стандарттарын, мүгедектердің өмір тіршілігінің негізгі салаларындағы объектілер мен қызметтерге қолжетімдігін бағалау, қоғамда мүгедектерге төзімділік жағдайларын қалыптастыру болып табылады.
Іс-шаралар Жоспарын жүзеге асыру, мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың өмір тіршілігіне және  қоғамға етене араласу үшін бірдей мүмкіншіліктер жасауға ықпал етеді, Қазақстанның демократиялық, құқықтық мемлекет тұрғысында жоғарғы құндылығы адам, оның құқықтары мен бостандығы екендігі туралы халықаралық имиджіне оң әсер етеді.

Қазақстан Республикасының 2005 жылы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес, кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар мемлекеттік стандарттар негізінде, мүгедектерге ортақ пайдаланудағы транспорт құралдарына, тұрғын-үй, қоғамдық және өндірістік ғимараттарға қолжетімдік кедергісіз жағдайлар жасауға, әуежайларда, теміржол вокзалдарында, автовокзалдарда, автостанцияларда, теңіз және өзен порттарында еркін жүріп-тұруларына жағдайлар жасауға міндетті.

Халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарының объектілерге кедергісіз қолжетімділік нормалары Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтермен: Қазақстан Республикасының ережелер жинағы (ҚР ЕЖ 3.06 -101-2012) және Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларымен (ҚР ҚН 3.06 – 01 - 2011) реттеледі.

Ғимараттарды қайта құру немесе лайықтау кезінде, мекемедегі барлық үй-жайларды толық бейімдеу мүмкін болмаса, қимылы шектеулі келушілерге, мүгедектерді қоса алғанда (оның ішінде кресло-арбадағы мүгедектер, көру қабылетінен айырылғандар) арнайы қызмет көрсету үшін қолжетімді аймақты немесе бөлме бөлігін қарастыру керек.

Халықтың мүмкіндігі шектеулі тобына мүгедектер, денсаулығы уақытша бұзылған адамдар, аяғы ауыр әйелдер, қарт адамдар, балалар арбасы бар адамдар және т. б. жатады.
Заңмен аталған талаптар орындалмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделген.

Лауазымды тұлғалардың, және де кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың мүгедектердің әлеуметтік және транспорттық инфрақұрылым объектілеріне, мәдени ойын-сауық іс шараларына қол жеткізуін қамтамасыз етпеу түрінде жасалған бұзушылық, Қазақстан Республикасының әкімшілік-құқықбұзушылық Кодексінің 83-бабына сәйкес  лауазымды адамдарға – 50, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне –  120, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 200, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2015 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік бақылау Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен жүргізіледі.
Ағымдағы жылдың өткен мерзімінде Департамент мамандары 47 тексеру жүргізіп, 298 заңбұзушылықтар анықтады. Кінәлі лаузымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Субъекті басшыларына заңбұзушылықтарды жоюға нұсқамалар берілді.
Заңбұзушылықтар негізінен, пандустардың болмауы немесе олардың бұрыш еңістері мен ендерінің, ғимараттардың сыртқы кіріс есіктердің ендерінің, табалдырықтарының биіктіктерінің сәйкессіздіктері, қозғалыс жолдарында тактильдік жерүсті ескертпелерінің, бағыт көрсеткіштерінің және сыртқы кіре берістерде шақырту тетіктерінің орнатылмауы және т.б. бойынша орын алған.
Баяндалғандарды ескере отырып, кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғаларды, сондай-ақ заңды тұлғаларды мүгедектердің құқықтарын қорғау саласындағы заңнама талаптарын сақтауға шақырамыз.

Еңбек, әлеуметтік қорғау
және көші-қон Комитетінің
Шығыс Қазақстан облысы
бойынша Департаменті

 

Бет өзгертілді: 13-12-2017

15.12.2017
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының аясында бюджет есебінен субсидияланатын мүгедектерге арналған арнайы жұмыс орындарын құру қарастырылды.
15.12.2017
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті
14.12.2017
2017 жылғы 12 желтоқсанда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) филиалдарының барлығында «Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік» тақырыбында Ашық есік күні өтті.
14.12.2017
2017 жылдың 13 желтоқсанында Орталық балалар кітапханасында (М. Горький к-сі, 54) «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «С чего начинается Родина» атты сурет байқауы өтті.
14.12.2017
Ұрпақтар сабақтастығы – қоғам өміріндегі ең маңызды құбылыстардың бірі: адам, тек ұрпақтың өкілі ретінде ғана тарихпен байланысы бар, тарихи үдерістегі білімді қатысушы болады, өйткені ол өткенді сақтайды, одан әрі дамудың Ортақ векторын анықтайды.
13.12.2017
Тәуелсіздік - ең алдымен халқымыздың бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі.
13.12.2017
Ерікті зейнетақы жарналарын кім және қашан ала алады?
13.12.2017
Мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың қоғамға етене араласуы үшін бірдей мүмкіншіліктер жасау - мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі.
06.12.2017
Лизинг берушілер, ломбардтар, риэлторларға және бағалы металдар мен асыл тастар, олардан жасалған зергерлік бұйымдардың дилерге мәлімет үшін
29.11.2017
Бүгінде біз барлық қазақстандықтармен бірге - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнін атап өтудеміз.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11