oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Тумабаев Куат Мухитович - Өскемен қаласының әкімі

«Сауатты тұтынушы болыңыз!»

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (ШҚО, Өскемен қаласы, Буров көшесі, 20, тел: 8-(7232)-26-37-40, факс: 8(7232)-57-79-91,  e-mail: oskemen@economy.gov.kz) Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы  № 274-IV «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының (ары қарай-Заң) ережелеріне түсініктеме жүргізеді.

Заңның 7-бабына сәйкес, тұтынушылардың:
1) тауарларды (орындалатын жұмысты және көрсетілетін қызметті) иеленуге еркін шарт жасасуға;
2) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы сауаттандыруға;
3) тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы дайындаушы, орындаушы) туралы ақпарат алуға;
4) қауіпсіз тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алуға;
5) тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) еркін таңдауға;
6) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тиісті сапасына;
7) тиісті де, тиісті емес те сападағы тауарды айырбастап алуға немесе қайтарып беруге;
8) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан өздерінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген залалды (зиянды) толық көлемде өтетуге;
9) сатушыдан (орындаушыдан, дайындаушыдан) тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызмет көрсету) фактісін растайтын құжатты алуға;
10) ұтыс түрінде берілген (орындалған, көрсетілген) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) сапасы бойынша ойындардың бастамашысына (ұйымдастырушысына) кінә қоюға;
11) тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерін құруға;
12) моральдық зиянды өтетуге;
13) құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға;
14) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

1 сұрақ: Егер базарда чек берілмесе, сатып алынған тауар сапасыз болған жағдайда, қайтаруға бола ма?

Жауап: Заңың 15, 18 баптарына сәйкес, тиісті емес сападағы тауар сатылған тұтынушы, егер сатушы (дайындаушы) оған тауардағы кемшіліктер жөнінде айтпаса, өз таңдауы бойынша: соған ұқсас маркалы (модельді, артикулді) тауарға ауыстыруды;  сатып алу бағасын тиісінше қайта есептей отырып, басқа маркалы (моделді, артикулді) сондай тауарға ауыстыруды; шартты бұзуды және тауар үшін төленген ақшалай соманы қайтаруды талап етуге құқылы.Тұтынушыда тауарды сатып алу фактісін растайтын құжаттың болмауы оны куәлардың айғақтарына, сондай-ақ тауарды сатып алу фактісін растайтын құжаттарға және басқа да дәлелдеу құралдарына сілтеме жасау құқығынан айырмайды.

2 сұрақ: Сатушы-кассир тауар сатып алу кезінде, қайтаратын ақшаның жоқтығын және қайтару ақшасының орнына тауар алуды, неболмаса ақшаны ұсақтауды жиі ұсынады. Осы заңды ма және осындай жағдайда не істеу кажет?

Жауап: Заңың 28 бабы, 1 тармақшасына сәйкес, тұтынушыны тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өзіне қажетсіз мөлшерде және (немесе) ассортиментте сатып алуға мәжбүрлеуге тыйым салынады.
Сіздің құқығыңыздың бұзылғаны үшін азаматтық-құқылық жауапкершілік қарастырылған, атап айтқанда Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 387 бабы 3 бөлігіне сәйкес, тұтынушыға тиiстi тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) ұсыну мүмкiндігі бола тұра кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаның жария шарт жасасудан бас тартуына жол берiлмейдi.

Тұтынушы өз құқығын құрғау үшін:
- құқығын бұзушы сатушыға (орындаушыға) сотқа дейінгі жазбаша өтінішпен,
- тұтынушылар құқығын қорғау бірлестіктеріне,
- сотқа жүгінуге құқылы. 
Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңнамаларымен, тұтынушылардың, не болмаса  тұтынушылар құқығын қорғау бірлестіктерінің сатушыға (орындаушыға) жазбаша өтінішпен жүгінуі- келіспеушіліктерді сотқа дейінгі қарастыру тәртібі, тұтынушылардың құқығын қорғау процесінің міндетті деңгейі ретінде қарастырылған.

Егер сатып алған тауарыңыз бұзылған, ал қызмет сапасыз болса, міндетті түрде Заңға сәйкес өз құқығыңызды пайдаланыңыз.

 

Бет өзгертілді: 15-12-2017

16.01.2018
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ахметов Даниал Кенжетайұлының тұрғындар алдындағы есебі 2018 жылдың 23 ақпан күні сағат 11.00-де Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында мына мекен жай бойынша өтеді: Өскемен қ., Қ. Сәтпаев даңғылы, 82 А.
15.01.2018
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Шығыс Қазақстан облысының статистика департаменті» РММ...
10.01.2018
Өскемен қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы азаматтардың назарына, заңдылықты бұзушылықтар, оның ішінде қылмыстарды есептен жасыру туралы «сенім телефонына» келіп түскен азаматтардың хабарламаларын қабылдаудың
04.01.2018
2018 жылдың 4 қаңтарында сағат 11.00-де «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Ұлы Отан соғысына қатысушы Мырзахмет Жәкуұлы Мұхаметжановты 95-жылдық мерей тойымен құттықтады.
02.01.2018
Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
15.12.2017
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының аясында бюджет есебінен субсидияланатын мүгедектерге арналған арнайы жұмыс орындарын құру қарастырылды.
15.12.2017
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті
14.12.2017
2017 жылғы 12 желтоқсанда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) филиалдарының барлығында «Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік» тақырыбында Ашық есік күні өтті.
14.12.2017
2017 жылдың 13 желтоқсанында Орталық балалар кітапханасында (М. Горький к-сі, 54) «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «С чего начинается Родина» атты сурет байқауы өтті.
14.12.2017
Ұрпақтар сабақтастығы – қоғам өміріндегі ең маңызды құбылыстардың бірі: адам, тек ұрпақтың өкілі ретінде ғана тарихпен байланысы бар, тарихи үдерістегі білімді қатысушы болады, өйткені ол өткенді сақтайды, одан әрі дамудың Ортақ векторын анықтайды.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11