oskemen.vko.gov.kz / НовостиНовости
Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

«Жас құтқарушылар мектебінің»  батылдық сабағын жүргізу туралы есебі

2017 жылдың желтоқсан айында Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің батырларымен таныстыру мақсатында қала орта мектептерінде: №36 №35№26 №10 №11№39№11 мектебінде - «Біздің заманымыздың қаһарманы» атты балаларға батылдық, борыш, ар-намыс, жауапкершілік, ерлікке арналған сабақтары өткізілді.

Өрт сөндірушілердің ерлік мамандығына арналған сабақтар сабақ сағаттарында өткізілді. Құтқарушылар - өрт сөндірушілер, Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департементінің қызметкерлері шақырылды.

Сабақтың басында Жас құтқарушылар мектебінің тәрбиелік жұмыстары бойынша директор орынбасары «Өрт сөндірушілердің батырлары» атты қысқаметражды фильмін көрсетті. ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің шақырылған қызметкерлері, Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Кодубенко Александр Степанович балаларға өрт сөндірушілердің жауынгерлік күндері туралы, «өрттегі батылдық үшін» медалын Үлбі металлургиялық зауытында бериллий цехында өртті сөндіргені үшін алғаны туралы айтып берді. Одан кейін Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жас қызметкері Камелов Елжас сөз сөйледі. Ол оқушыларға Өскемендегі элеваторында өртті сөндіргені туралы қызықты материалдарды айтты және сол өртте жарақат алғанын туралы айтып берді. Осы өртті сөндіру үшін Камелов Елжас «өрттегі батылдық үшін» медалімен марапатталды. Балалар Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерін мұқият және қызығушылықпен тыңдады, әртүрлі төтенше жағдайлардағы қауіпсіздік мәселелеріне қатысты көптеген сұрақтар қойып, оларға толық жауап алды.

Іс-шара балалардың құрметтеу, мейірімділік, ардагерлерге деген сыйластық сияқты жеке қасиеттерін жоғарлату мақсатымен аяқталды. Сабақта көтерілген тақырып, өмірде батылдыққа әрқашан орын бар екендігін және сол батылдықты өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарау және моральдық тұрақтылыққа үйрету арқылы қол жеткізуге болатынын айқындап берді. Батылдық, табысқа жету, адалдық пен шындық - осы жоғары моральдық қасиеттер отпен ғана күресу арқылы емес, жалқаулықпен, тәртіпсіздікпен, өтірікке қарсы күресте туады.

 

Бет өзгертілді: 28-12-2017

28.12.2017
2017 жылдың желтоқсан айында Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің батырларымен таныстыру мақсатында қала орта мектептерінде: №36 №35 №26 №10 №11 №39 №11 мектебінде
12.12.2017
Өскемен қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы азаматтардың назарына, заңдылықты бұзушылықтар, оның ішінде қылмыстарды есептен жасыру туралы «сенім телефонына» келіп түскен азаматтардың хабарламаларын қабылдаудың
28.11.2017
Өскемен қ. Төтенше жағдайлар басқармасы аңшыларға қарапайым қауіпсіздік ережелерін ескертеді.
28.11.2017
Жыл сайын бізге өзінің бейғамсыздығынан, жұқа мұзда сырғанақ теуіп жарақаттанушылардың көбейіп келе жатқандығы туралы қайғылы ақпараттар көптеп келіп түседі.
17.10.2017
Қазақстан Республикасының Құтқарушылар күніне орай Өскеменнің оқушылары ержүрек өрт сөндірушілер, сүңгуірлер және құтқарушылар үшін нағыз сыйлық дайындады, ұлдар мен қыздар сурет және плакаттар байқауы аясында кәсіптің барлық кезеңдерін көрсетті
29.09.2017
Алғашқы медициналық көмек көрсету қағидаларына өскелең ұрпақты оқыту мақсатында ШҚО ТЖД мамандары «Эставелла» балалар-жасөспірімдер клубының жас құтқарушылары үшін сабақ өткізді.
26.09.2017
№ 36 КММ жалпы мектептік сапқа тұруда Өскемен қ. ТЖБ мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің мамандары өтіп жатқан өрт қауіпсіздігі айлығы аясында оқушыларға Өскемендегі өрттердің статистикасы, олардан және тұншықтырғыш газбен улану жағдайларынан қаза болғандар саны туралы айтып берді.
20.09.2017
Өскемен қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы мамандарының қатысуымен Өскемен қаласы әкімдігі «Жас құтқарушылар мектебі» КМҚК ұстаздары өрт қауіпсіздігі айлығына белсенді қатысып, КМҚК «Жас техниктер станциясы» ұстаздарына өртті алдын алу іс-шаралары бойынша өрт қауіпсіздігі ережелеріне қатысты практикалық сабақ өткізді.
18.09.2017
Келе жатқан Құтқарушы күні және өтіп жатқан өрт қауіпсіздігі айлығы аясында «Оралхан Бөкей атындағы Орталық кітапхана жүйесі» КММ-де кітап көрмесі ашылды.
04.08.2017
Шығыс Қазақстан облысы бойынша күндіз 04 тамызда кей жерлерде оңтүстік-шығыс жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
1 2 3 4 5 6 7 8