oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Тумабаев Куат Мухитович - Өскемен қаласының әкімі

Баспасөз хабарламасы

2018 жылдың 4 қаңтарында сағат 11.00-де Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Ұлы Отан соғысына қатысушы Мырзахмет Жәкуұлы Мұхаметжановты 95-жылдық мерей тойымен құттықтайды. Мырзахмет Жәкуұлы Мұхаметжанов – 1923 жылы 1 қаңтарда Жалғызтал ауылдық кеңесіне қарасты Терісайрық бөлімшесі, қазіргі Қызыл-ащы заставасы тұрған жерде дүниеге келді. Жалғызтал бастауыш мектебін бітіріп, 8 класты бұрынғы аудан орталығы, қазіргі Ақжар ауылында аяқтаған.

1942 жылы әскер қатарына алынып, Украина, Ленинград майданына жіберілді. Ленинградты қорғаудағы ұрыстардың бірінде жараланып, госпиталде жатып емделіп шықаннан кейін, елге қайтарылады. Ақжарда 6 айлық мұғалімдер курсына оқуға түсіп, Тұғылға «Ударник» колхозына (қазіргі Байтоғас елді мекені) бастауыш сыныптарға мұғалімдікке жіберіледі. 1946 жылы Жалғызтал ауыл Советінде хатшы болып, 1949 жылға дейін қызмет етеді.

Жары Нұркамал екеуі 12 бала, 26 немере,10 шөбере тәрбиелеп өсірді. Майдандағы көрсеткен жанқиярлық ерліктері үшін: «1 Дәрежелі Ұлы Отан соғысы» орденімен, «Жеңістің мерейтойлық» медальдарымен, Маршал Жуков медалімен, «Ерең еңбегі үшін», «КСРО Қарулы Күштерінің» мерейтолық медальдары берілген. Мекен-жайы: Кожедуба көшесі, 56-43, телефон 57-63-12.

Бет өзгертілді: 10-01-2018

10.01.2018
2018 жылдың 4 қаңтарында сағат 11.00-де Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Ұлы Отан соғысына қатысушы Мырзахмет Жәкуұлы Мұхаметжановты 95-жылдық мерей тойымен құттықтайды.
16.10.2017
Жіті респираторлы вирусты жұқпа (сосын ЖРВЖ) және тұмау - әлеуметтік маңыздылығы тұрғысынан адамдарда кездесетін барлық аурулардың арасында бірінші орынды иеленеді.
17.09.2017
17 қыркүйек күні сағат 18.00-де Металлургтер мәдениет сарайында Өскемен қаласы әкімінің жүлдесіне арналған Жайдарман Республикалық Фестивалі өтеді.
12.09.2017
Өткізу күні және уақыты: 2017 жылдың 17 қыркүйегі, сағат 11.00-14.0
24.08.2017
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа жолдаған Жолдауында және «Рухани жаңғыру» бағдарламасында...
03.08.2017
Өскемен 1.08.2017 ж. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Баспана» бірыңғай тарифтік бағдарламасын іске қосты
26.07.2017
Бүгін 2017 жылғы 26 шілдеде Өскемен қаласының әкімдігімен бірлесіп Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ басқарма төрағасы Марат Омаров жергілікті бизнес өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.
02.05.2017
Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» Қорының бірегей жобасы Ұлттық «Бала Дауысы» балалар ән байқауының екінші маусымы 12 мамыр, Павлодар қаласы, Естай атындағы мәдениет сарайында өтеді.
26.04.2017
Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне Баспасөз хабарлама
28.02.2017
Ұйымдастырушылары - қалалық білім бөлімі, «Оқушылар шығармашылық сарайы» КМҚК 
1 2 3 4 5 6 7 8