oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Мүгедектігі бар мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін ақпарат!!!

2018 жылғы 1 қаңтардан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 446 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығы күшіне енді.

Барлық қызметтер мүгедектерге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына және мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес медициналық көрсеткіштер негізінде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтер, 2017 жылғы 27 қарашадан бастап сәйкесінше жұмыс тәртібі және стандарттар бекітілгенге дейін пилоттық тәртіпте мемлекеттік органмен (Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен), сонымен қатар мемлекеттік корпорация арқылы альтернативті негізде көрсетіледі (Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігінің 2017 жылғы 23 қарашадағы № 03-13/5007-И хаты:

1.  қозғалуда қиындықтар бар, бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекші әлеуметтік көмектерді көрсету және есту бойынша мүгедектер үшін ымдау тілі маманы – оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жылына алпыс сағат;

2.  мүгедек балаларға және мүгедектерге шипажай-курорттық емдеуді ұсыну;

3.  мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету;

4.  мүгедектерге кресло-арба ұсыну;

5.  оларға протездік-ортопедиялық көмекті ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды рәсімдеу;

6.  мүгедектер балаларды үйде оқыту үшін оқуға шығындарды өтеу;

7.   үйде күту жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге құжаттарды рәсімдеу;

8.  медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге құжаттарды рәсімдеу.