oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

«Сауатты тұтынушы болыңыз!»

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (ШҚО, Өскемен қаласы, Буров көшесі, 20, тел: 8(7232)-26-37-40, факс: 8(7232)-57-79-91,  e-mail: oskemen@economy.gov.kz) Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы

№ 274-IV Заңының (ары қарай-Заң) ережелеріне түсініктеме жүргізеді.

1 сұрақ: дүкеннен 4 бума түс қағаз сатып алдық. Біреуі артық болып шықты, қайтарайық деп едік. Сатушы қайтарып алуға міндетті ме, егер ол сапалы болса?

Жауап: Заңның 30 бабының 1 тармағына сәйкес, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды;  іш киімді;  шұлық-ұйық бұйымдарын;  жануарлар мен өсімдіктерді;  метрлеп сатылатын тауарларды, атап айтқанда, барлық түрдегі талшықтардан жасалған маталарды, тоқыма және перделік кенеп матаны, жасанды теріні, кілем бұйымдарын, тоқыма емес материалдарды, ленталарды, шілтерді, таспаны, сымдарды, бауларды, кәбілдерді, линолеумды, багетті, пленканы, клеенканы қоспағанда, егер тиісті сападағы азық-түліктік емес тауар пайдаланылмаса, оның тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, заттаңбалары, сондай-ақ тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат сақталса, егер шартта неғұрлым ұзақ мерзім белгіленбесе, тауар сатып алынған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде сатушы (дайындаушы) оны айырбастауды немесе қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті.

Сондықтан, егер тауардың түрі, тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, заттаңбалары сақталған болса, күнтізбелік он төрт күн ішінде, тұтынушы 1 бума түс қағазды қайтадан тапсыруға немесе айырбастауға құқылы.

2 сұрақ. Бетке жағатын крем сатып алған едім, бірақ пайдалану әдісі бойынша аннотациясы жоқ.  Бұл кремді қайтаруыма бола ма?   

Жауап: Заңның 10 бабы 2 тармағына сәйкес, егер тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы толық емес, дұрыс емес және уақтылы емес ақпарат беру,  сатып алынған тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) мақсатына сай пайдалану мүмкіндігінің болмауына әкеп соқса, тұтынушы тауарды сатып алған (жұмыс орындалған, қызмет көрсетілген) күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде тиісті ақпарат беруді талап етуге құқылы. Егер көрсетілген мерзімде ақпарат берілмесе, тұтынушы шартты бұзуға және өзіне келтірілген залалды өтеуді талап етуге құқылы;

Заңның 24 бабына сәйкес, сатушы (дайындаушы, орындаушы)  тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы қазақ және орыс тілдерінде ақпарат беруге міндетті.

3 сұрақ: Дүкеннен шырын сатып алдым, үйге келгенде жарамдылық мерзімінің өтіп кеткенін аңғардым. Тауарды қайтаруыма бола ма?

Жауап:       Заңның 15 бабының 1 тармағына сәйкес, тиісті емес сападағы тауар сатылған тұтынушы, егер сатушы (дайындаушы) оған тауардағы кемшіліктер жөнінде айтпаса, өз таңдауы бойынша шартты бұзуды және тауар үшін төленген ақшалай соманы қайтаруды талап етуге құқылы.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» заңының 11 бабына сәйкес, сатушылар жүзеге асыратын қызметіне сәйкес  Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға міндетті.

Тұтынушы өз құқығын құрғау үшін:

құқығын бұзушы сатушыға (орындаушыға) сотқа дейінгі жазбаша наразылықпен,

тұтынушылар құқығын қорғау бірлестіктеріне,

сотқа жүгінуге құқылы. 

Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңнамаларымен, тұтынушылардың, не болмаса  тұтынушылар құқығын қорғау бірлестіктерінің сатушыға (орындаушыға) жазбаша наразылықпен жүгінуі- келіспеушіліктерді сотқа дейінгі қарастыру тәртібі, тұтынушылардың құқығын қорғау процесінің міндетті деңгейі ретінде қарастырылған.

Егер сатып алған тауарыңыз бұзылған, ал қызмет сапасыз болса, міндетті түрде Заңға сәйкес өз құқығыңызды пайдаланыңыз.