oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Тумабаев Куат Мухитович - Өскемен қаласының әкімі

БЖЗҚ өзініңфилиалдықжелісіноңтайландырады

БЖЗҚ өз бөлімшелерінің санын 218-ге дейін қысқартуды жоспарлап отыр. Еске сала кетелік, қазіргі уақытта бүкіл Қазақстан бойынша Қордың 231 бөлімшесі жұмыс істейді.  

Қор бөлімшелеріне түсетін жүктемені, келушілер саны мен жүзеге асырылған операциялар санына талдау жасай келе Бірыңғай жинақтаушы зейнетақықоры өзінің филиалдық желісін оңтайландыруды ұйғарды. Бұл ретте зейнетақы қызметтерін қашықтықтан көрсету және ақыл-кеңестер беру арналарының дамытылып жатқандығы ескерілді.   

Осылайша, салымшылар мен алушылардың аз келуіне байланысты 01.02.2018 ж. Серебрянск қаласындағы дербес қызмет көрсету орталығы жабылатынболады.

Айтакетелік, жоғарыда аталған елді мекендер аудан орталықтары емес. Оларға жақын орналасқан аудан орталықтарындағы БЖЗҚ бөлімшелері өз жұмыстарын жалғастыратын болады. Бұл ретте тұрғындарға көрсетілетін қызметтер «БЖЗҚ» АҚ сайтында орналастырылған электрондық қызмет көрсету арналары және көшпелі қызмет көрсету әдісі арқылы жүзеге асырылады. Көшпелі қызметті филиал қызметкерлері көрсетеді. Бұл жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында жүзеге асырылатын шара.        

Сондай-ақ 1 ақпаннан бастап, Өскемен қаласында бір бөлімше қалатын болды, адресі: : Өскемен қ. Жеңіс(Победы) даңғылы 3/2 үй.  Мына бөлімше жабылады: Өскемен қ. (Виноградов көш. 19 үй бойынша №1-ші бөлімше);

Бөлімшелердің өзекті тізімін Қордың сайтының «Байланыстар» бөліміне кіру арқылы, сондай-ақ 1418 қысқа нөміріне коңырау шалып білуге болады.