oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Тумабаев Куат Мухитович - Өскемен қаласының әкімі

«Дорог сердцу лишь ты – Казахстан»

8 ақпан күні сағат 13:00-де №2 кітапхана-бөлімшесінде (Бульвар Гагарина, 24) №15 орта мектебінің оқушыларының қатысуымен ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  «Дорог сердцу лишь ты – Казахстан» атты диалог өтті.

Диалог Қазақстан жастарын патриоттылыққа және адамгершілікке  тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды. Шара барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Елбасының жыл сайынғы жолдауы талқыланда. Қазақстанның отыз дамыған елдер қатарына ену мақсатымен Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауында атап өткен он мәселе айтылды. Сондай-ақ, қатысушылар Президент жолдауындағы жаңғыруға және еліміздегі білім беру жүйесіне қатысты бөлімдер жайында өз пікірлерімен бөлісіп, Елбасының саясатын қолдайтындықтарын білдірді. Диалог барысында «Казахстан – моя Родина» презентациясы және Қазақстан туралы бейнеролик ұсынылды.

Шараға орай «Ел өмірінің ырғағында. В ритме жизни страны» кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды.