oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Тумабаев Куат Мухитович - Өскемен қаласының әкімі

«ІІМ Бірыңғай сенім телефоны» - «1402»

Өскемен қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы азаматтардың назарына, заңдылықты бұзушылықтар, оның ішінде қылмыстарды есептен жасыру туралы «сенім телефонына» келіп түскен азаматтардың хабарламаларын қабылдаудың, тіркеудің, есепке алудың және қараудың бірыңғай тәртібін анықтау мақсатында, сондай-ақ қазіргі уақытта стационарлық телефоннан тегін қоңырауды жүзеге асыруға болатын, Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін, абоненттік нөмірі «1402» - «ІІМ Бірыңғай сенім телефоны» қолданысқа енгізілгендігін мәлімдейді.

Сенім телефоны азаматтардан ШҚО ТЖД қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығы туралы ақпараты бар, қоңырауларды қабылдау және оларға шұғыл назар аудару үшін құрылған. Ондай заңбұзушылыққа тап болған әрбір азамат хабарласа алады: қызметтік Сенім телефонын қолданудың белгілі ережесі бар. Сенім телефонына қоңырау шалғанда, мүмкіндігінше өзіңізді таныстырып өтіңіз. Сіздің ақпаратыңыз бойынша Сізге жауапты жолдау үшін, үй немесе жұмыс телефонының номерін, тұрғылықты мекенжайыңызды хабарлаңыз. Сіздің мәліметіңіздің құпиялығына кепілдік беріледі.

Сондай-ақ Өскеменде тұрғындар төтенше жағдайдың алдын алу, азаматтық қорғаныс, өрт қауіпсіздігі сұрақтары бойынша кеңес ала алады, хабарласу үшін телефон – 25-10-18.