oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Қалалық «Тіл парасат» байқауы

Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы мен Ахмет Байтұрсыновтың 145 жылдығына орай, 2018 жылы ақпанның 15-і күні сағат 15.00-де Өскемен қаласы әкімдігінің «Шығыс Қазақстан халықтарының мәдениеті мен тілдерін түлету мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгерген этнос жастары арасында «Тіл парасат» атты қалалық байқауын өткізді.

Бұл байқаудың негізгі мақсаты – қазақ тілі білгірлерін қолдау және өзге ұлт өкілдері арасынан дарынды жастарды анықтау.

Қалалық байқауға Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың, ҚАЕУ, №5 орта мектебінің, №13 орта мектебінің, № 15 орта мектебінің, № 19 орта мектебінің, №29 орта мектебінің, №10 мектеп-гимназиясының, №24 орта мектебінің, Қазақтелекомның тіл білгірлері, 20-25 жас аралығындағы 11 қатысушы қатысты.   

Сайыс шарты бойынша байқауға қазақ тілінде білім беретін мектептерде және жоғары оқу орындарында «қазақ филологиясы» мамандығында оқитындар, сонымен қатар мемлекеттік тіл білгірлері мен орыс тілі білгірлері конкурстарының өткен жылғы жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатыстырылмады.

Қатысушылардың жұмысын бағалаған және жеңімпаздарды анықтаған қазылар алқасының құрамы тіл, әдебиет, педагогика салаларының мамандары, зиялы қауым және қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен құрылды.

Қазылар алқасы ізгі ниет тілектерін білдіріп, оза шапқан жеңімпаздарды анықтады: бас жүлдені Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың 2 курс студенті Фазульянов Рият Рафаэлевич қанжығасына байлап, бас жүлдеге ноутбук алды, І орын «Қазақтелеком» АҚ-ның жергілікті желілерге техникалық күтім жасау орталығының кәбіл дәнекерлеушісі Чертков Евгений Николаевич еншісіне бұйырды, ІІ орынға №29 орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Артемьева Ксения Алексеевна иелік етіп, принтерді сыйға алды. ІІІ орын ҚАЕУ 1 курс студенті Просяной Илья Олегович мәртебесіне лайық деп танылып, мультипісіргішпен марапатталды.

Қалалық байқаудың жеңімпаздары дипломдармен, қатысушылар алғысхаттармен және де барлық конкурс қатысушылары бағалы сыйлықтармен марапатталды.