oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Білу және сақтау

Өскемен қаласының ТЖБ мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің мамандары өрт қауіпсіздігі айлығы аясында «Өскемен қ. Мамандандырылған балалар үйі» КМҚК барды.

«Әлеуметтік маңызды объектілер басты назарда тұр, бүгінгі нұсқаулық  өрт кездегі мінез-құлық ережелеріне және өрт қауіпсіздігі негіздеріне балалар үйі қызметшілерінің білімін жоғарылатуға бағытталған. Оқытуды өткізген кезде біз Өскеменнің аумағында болған өрттер мен ондағы адамдар өлімінің салыстырмалы статистикасын келтірдік. Қызмет көрсетушілердің іс-қимыл тәртібі туралы нұсқаулық барлығы, алғашқы өрт сөндіру құралдарының қажетті саны барлығы, автоматты өрт дабылы жүйесінің дұрыстығы, эвакуациялық шығулар мен эвакуация жолдарын ұстау жөніндегі талаптар енгізілген, өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын айттық», - деп мәлімдеді Өскемен қ. ТЖБ баспасөз-хатшысы Марина Лискова.

Іс-шара соңында Балалар үйінің мамандарына оқыту фильмі көрсетіліп, шұғыл қызметтердің телефон номерлері ескертілді және үгіт жаднамалары таратылды.

Өскемен қ. ТЖБ ақпараты