oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Қала әкімі қалалықтарды қабылдады 

2018 жылы 15 ақпанда Өскемен  қаласының әкімі Тұмабаев Қуат Мұхитұлы «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалында жеке және заңды тұлғалардың кезекті көшпелі қабылдауын жүргізді.

Қабылдауда 29 қалалық қабылданды, олар толғандыратын  37 мәселені көтерді.

Тұрғындар ЖИК қызметінің күрделі мәселелерін, зейнеткерлер үшін қоғамдық көлікте жеңілдетілген жол жүру ақысын, жер қолдану мәселелері, аулаларды абаттандыру, саяжайлық үйлерді электр энергиясымен қамту, жеке мектептерді қаржыландыру сияқты сұрақтарды көтерді.

Орман шаруашылығы ауданының тұрғындары тұрғындары сумен қамтып отырған, суарыны мұнарасының жөндеуі сұрағын талқыға салды.

Қабылдау барысында қаланың экологиялық ахуалын жақсарту бойынша, сондай-ақ, автобус аялдамаларын жабдықтау және көркем әдеби шығармаларын 3 тілде жарнамалауға қатысты ұсыныстар түсті.

Сондай-ақ, қабылдауда жеке мақсаттағы сұрақ – тұрғын үй және материалдық көмек беру сұрағы да көтерілді.

Жеке және заңды тұлғалардың арыздары бойынша барлық сұрақтар қала әкімімен бақылауға алынды, олар бойынша мемлекеттік орган басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев қалалықтарды әр айдың екінші және төртінші сәрсенбісі күні қабылдайды. Жеке және заңды тұлғалар толғандыратын сұрақтар бойынша Өскемен қаласы әкімі аппаратына Пермитин көшесі, 17 мекен-жайы бойынша сағ. 8:00 ден 20:00 түскі үзіліссіз, 26-85-68 тел. хабарласа алады.