oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жаксылык Мукашұлы - Өскемен қаласының әкімі

«Арқалы жазушы  - алпыстың асқарында»

2018 жылы 27 ақпанда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында  Орталық қалық кітапханада  ҚР Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, жерлес қаламгер  Мағзұмов Тоқтарбек Нұржақыпұлының 60 жылдық мерейтойына арналған «Арқалы жазушы  - алпыстың асқарында» атты кездесу кеші өтті. 

Тоқтарбек  Нұржақыпұлы – бірнеше кітаптың авторы, Катонқарағай ауданы,  Қызыл Жұлдыз ауылында туып-өскен. Кездесу барысында автор өзінің өмірі мен шығармашылығы айта келіп, «Оралхан Бөкей әлемі» және «Райыстан Оралханға дейін» кітаптарының шығу тарихына тоқталып өтті. Жерлес жазушымен жүздесуге қаламыздағы оқушылар мен студенттер қауымы, кітапхана оқырмандары келді.