oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Тумабаев Куат Мухитович - Өскемен қаласының әкімі

1 наурыз алғыс айту күні

2018 жыл 28 ақпанда Өскемен гарнизоны 27943 әскери бөлімінің мәдени демалу орталығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ұлан ауданы Таврия орта мектебінің «Жасұлан» әскери-патриоттық клубы тәрбиеленушілерінен 1 наурыз «Алғыс айту күніне» орай, 100 сарбазға хаттар мен кішігірім сый – сыяпаттар табысталып, кері байланыс ретінде сарбаздар тарапынан бозбала шақтарына деген сағыныштан әскери-патриоттық рухта және Отан қорғаушы деген мақтаныштан туындаған хаттар жазылып, тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. Бұған дейін Ашық есік күні аясында әскери бөлімде бірнеше рет қонақта болып, әскери бөлімнің оқу полигонында взводтардың жауынгерлік атысын тамашалап, сонымен қатар атыс қаруларына және әскери қызметке деген қызығушылықтарын танытып, Отан қорғауға ынта білдірген жеткіншектер өздерінің сарбаздарға және әскери бөлім басшылығына деген алғыстарын осылай жеткізуді дұрыс санапты.

27943 әскери бөлімі
Капитан Нұржан Малгаждаров