oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер назарына!

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті Шығыс Қазақстан облысының статистика департаменті» РММ,  жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын тапсыру қажеттілігі туралы хабарлайды.

- 2017 жылға «Тауарлар мен қызметтерді өткізу туралы есеп» (1-ВТ), тапсыру мерзімі - 2018 жылдың 15 наурызына дейін.

- 2017 жылға «Дара кәсіпкердің қызметі туралы есеп» (1-ИП), тапсыру мерзімі - 2018 жылдың 31 наурызына дейін.

- 2017 жылға «Көрсетілген қызметтер көлемі туралы есеп» (2-услуги), тапсыру мерзімі 2018 жылдың 30 наурызына дейін.

Жоғарыда көрсетілген мерзімге сәйкес облыстық, қалалық, аудандық статистика органдарына есеп тапсыру қажет. Респонденттерге нысандармен мен тапсыру мерзімдері көрсетілген статистикалық есептілік тізімін аталған сайтта (stat.gov.kz.) «Респонденттерге» айдарында терезеден кәсіпорын БСН-нін немесе дара кәсіпкердің ЖСН-нін теру арқылы алуға болады.

Қазіргі уақытта статистика органдарымен статистикалық stat.gov.kz сайтына «Online есептері» қосымша бетте есептілікті электрондық түрде «Статистикалық есептерді онлайн режимде қабылдау» Ақпараттық жүйесі арқылы тапсыру енгізілді және жұмыс істейді. «Статистикалық есептерді онлайн режимде қабылдау» Ақпараттық жүйе респонденттерге кеңседен шықпай-ақ ҚР ҰЭМ Статистика комитетіне статистикалық деректерді тапсыруға мүмкіндік береді, бұл кәсіпорынның қаржылық, еңбек және уақыт шығындарын анағұрлым төмендетеді. Респондентте тек Интернетке шығу мүмкіндігі және электрондық цифрлық қол таңба болуы қажет.

Техникалық қолдауды «ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы» ШЖҚ РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының мамандары (тел.: 56-08-65, 56-08-66, 52-29-02) жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы бойынша тегін техникалық қолдау қызметі 8-8000-800-878.

 «Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына алғашқы статистикалық деректерді ұсынбау,анық емес алғашқы статистикалық  деректерді ұсыну» әкімшілік құқық бұзушылық болып табылатынын және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 497-бабымен қарастырылған жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеміз.

 Құрметпен, Өскемен қаласының Статистика басқармасы