oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жаксылык Мукашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Өскемен қаласы әкімдігінің «№29 қосымша білім беру мектеп-орталығы» КМК Алғыс айту күні және Халықаралық азаматтық қорғаныс күні қарсаңында шаралардың өтілу есебі

1 наурыз Алғыс айту және Азаматтық қорғаныс күні болып табылады. 1997 жылдан бастап Қазақстанда ҚР Президент Жарғысымен біздің еліміз Халықарадық азаматтық қорғаныс күні атап өтіледі.

2016 жылдың 1 наурызынан бұл күн Мемлекеттік мейрам Алғыс айту күні – қайырымдылық, әлеуметтік ынтымастықты және өзара қолдауды күні болып табылады. Алғыс айту күннің қағидалары толық үйлесімді Азаматтық қорғаныстан негізгі қағидалармен – көмек құтқару.

Бұл шарада «№29 қосымша білім беру мектеп-орталығының» «Жас құтқарушылары», ШҚО ТЖД мен білім беру басқармасы белсенді қатысып «Ашық есік күні» өткізді. Шараға әрбір келуші келіп өрт сөндіру техникасымен, инвентарлар танысып, құтқарушыларға сұрақтар қойды.

Ерекше ықылас өскелең ұрпаққа аударылды. Пайдалы білімді ерте жастан дарыту жұмыстары жүргізілді. Енді жас жігіттер мен қыздар құтқарушылардың жол-көлік оқиғаларға қандай аспаппен шығып жұмыс істеп жатқанын, қар тұтқынында қалған адамдарға жету үшін қандай техникамен жету қандай жұмыс істейтінін жақсы біледі, бұл техника қиындыққа тап болған адамдарға жету үшін қолданылады. Балалармен кәсіптік бағдар жұмысы аясында ҚР ТЖК ІІМ Көкшетау институты туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізілді.

Іс-шара барысында «№ 29 қосымша білім беру мектеп орталығы» жеке көрсетілім көрінісін өткізді. «Жас құтқарушы» орталығының тыңдаушылары өрт сөндірудің тәжірибесі, биіктікте құтқару жұмыстарын орындау мүмкіндіктері, сондай-ақ өртке қарсы және құтқару спорты бойынша өздерінің дағдыларын көрсете білді, жалпы алғанда «Ашық есік күні» акциясына 300-ден астам адам қатысты. Оқушылардың көбі өрт сөндіру машинасына қызуғышылық танытты, мүмкін болашақта балалардың көбі осы мамандықты таңдайтын болады. Құтқару шеберлігіне үйрену үшін, балаларды тәрбиелеу, құтқару сабақтарын Өскемен қаласының «Жас құтқарушылар мектеп-орталығы» үйретті. Мектеп оқушылары өздерінің білім шеберліктерін тауда өрмелеу, жіпті байлау, өрт сөндіру спортын көрсетті.

Осы шара балаларға азаматтық қорғаныс шараларының маңыздылығын көрсетті және оларды елемеуге болмайтындығын тағы да дәлелдеді! Сонымен қатар, адамдардың қауіпсіздігін сенімді қамтамасыз ету керек, мүмкіндігінше көп балаларды оқытуға және барлық қолжетімді құралдармен төтенше жағдайда дұрыс әрекет ету туралы хабардар ету болды.

«№29 қосымша білім беру мектеп-орталығы» КММ директоры  Б.Воробьев