oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

«ШЫҒЫС ШАПАҒАТЫ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ  - үндеуі

Құрметті шығысқазақстандықтар, қымбатты демеушілер!

2017 жылғы «Ізгі ниет» қайырымдылық марафонына қатысып қаржы құйғандарға алғыс айтамыз.

Қайырымдылық жасау жер шарында  көп ғасырлық тарихы бар дәстүр. Оның негізінде біреудің қайғысына өзінің мұңыңдай жаны ауыра қарайтын, әрқашан қол үшін беруге даяр көптеген мейірімді жандардың игілі істері жатыр.

Кеудесінен мейірім шуағы төгілген,  адамгершілік оты лаулаған азаматтардың осы облыста да жетіп артылатынына біздің көзіміз жетті.

Қоғамдық қор облыста 19 жыл жұмыс істеп келеді. Қор осы жылдар ішінде  117 мың аз қамсыздалған жандарға емделу шараларына, зейнеткер ауыр науқастарға емделуге және ота жасауға  жалпы сомасы 229 млн теңгені құрайтын көмек көрсетті.

Қор тек 2017 жылы  400ден аса аз қамтылған жанға  2 млн 370 мың теңге көлемінде ақшалай заттай көмек көрсетті.

Осының барлығы қорға қаражат аударып жүрген, «жетім көрсең жебей жүр» деген қағиданы мықты ұстанған мемлекеттік қызметкерлердің, мұғалімдердің, дәрігерлердің, кәсіпорындар мен ұйымдар басшыларының және жеке кәсіпкерлердің арқасында.

Облыстық «Ізгілікті ниет» марафонына қаражат  Өскемен, Семей, Риддер қалаларынан Ұлан, Зырян, Бородулиха аудандарынан келіп түсті.

Біз барлық қайырымды жандарға Үндеу тастаймыз.

Осы жылы да тағы бір мейірімді іс істеп өз рухани өміріңізді байыта түсіңіздер!

Осы «Ізгі ниет 2018» облыстық қайырымдылық марафонына қатысыңыздар.

Сіздерге зор денсаулық, қуаныш және әр істе сәттіліктер тілейміз.

Қордың Қамқоршылық Кеңесі

 

«ШЫҒЫС ШАПАҒАТЫ» қоғамдық  қоры 

Өскемен қаласы, Карл Либкнехт көшесі,40үй, 25 кеңсе 

тел/факс  25-92-77;  28-50-79 бухгалтерия  email: mko_vko@mail.ru 

ЖБК: KZ866010151000016730, « Қазақстан Халық банкі» АҚ

ББК (МФО) HSBKKZKX   КНП 119;  Кбе 18

СТН 181600030365,

ЖСН 941040000364