oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жаксылык Мукашұлы - Өскемен қаласының әкімі

8-Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне арналған «Әйелдер не туралы армандайды?...» атты мерекелік концерттің баспасөз хабарламасы

2018 жылы 06 наурызда сағат 1100-де оқушылардың шығармашылық сарайында 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне арналған «Әйелдер не туралы армандайды?...» атты мерекелік концерт өтеді.

Ұйымдастырушылар: «Өскемен қаласының білім беру бөлімі»  ММ.

Мақсаты: Іс-шараны өткізу кезінде мерекелік атмосфераны құру, әйелдерді құрметтеуге тәрбиелеу, 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекені ұйымдастыруда  балалардың шығармашылық әлеуетін пайдалану.

Шара тиімділігі: Іс-шараға қатысушылардың позитивті көзқарастарын қалыптастыру, қалалық білім беру ұйымдарының үздік өкілдерін, педагогикалық еңбек ардагерлерін құттықтау және марапаттау.

Қатысушылар: Өскемен қаласы әкімдігінің өкілдері, қалалық білім беру бөлімінің әдіскерлері, қалалық білім беру ұйымдарының директорлары мен қызметкерлері, қосымша білім беру ұйымдарының балалар шығармашылық ұжымдары.

Іс-шара бағдарламасында қалалық білім беру ұйымдарының директорларын, қызметкерлерін және педагогикалық еңбек ардагерлерін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің, ШҚО Білім басқармасының, қалалық білім беру бөлімінің грамоталарымен марапаттайды. Концерттік бағдарламада Өскемен қаласының қосымша білім беру ұйымдарының музыкалық нөмірлері ұсынылады.

Өткізу орны: Балалар шығармашылық сарайының акт залында (Киров, 63)

Болжалды қамту: 310 адам (шақырылғандар және концерттік бағдарламаға  қатысушылар).

Спикер: Тарасенко Марина Владимировна, Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 24 балалар өнер мектебі» КМҚК директоры, Тел: 8(7232)71-03-03, dchi242004@mail.ru

Ақпарат алу үшін тел.: 8-7232-71-03-03

Электрондық пошта: dchi242004@mail.ru