oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Тумабаев Куат Мухитович - Өскемен қаласының әкімі

Қадірлі аналар, аяулы қыз-келіншектер!

Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі, ардақты ана, асыл жар, аяулы қарындастың ортақ мейрамы – 8 наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Әйел – ең алдымен отбасының ұйытқысы, әйел – қоғам қайраткері. Адамзат өмірінің іргетасы әйелдің қолымен қаланады. Әйел қашанда тіршіліктің шырайы, отбасының шырағы болып келеді. Ұлттың асыл қасиеті ұрпақтың бойына ана сүтімен дарып, болашаққа жалғасады. Сондықтан, ер – үйдің иесі болса, әйел – шаңырақтың киесі.
Тәуелсіз елдің ұл-қыздарын тәрбиелеп жатқан әйелдер қауымы қандай құрметке болса да лайық. Сіздер отбасының, мемлекеттің, Отанымыздың игілігі жолында аянбай тер төгіп, қоғамның әр саласында – саясат, білім беру, медицина, мәдениетте зор жетістіктерге жетіп келесіздер. Өскемен қаласының өнеркәсіптік кәсіпорындарында, қоғамдық ұйымдарында, мекемелерінде табысты еңбек етіп, қаланың дамуына, ілгерілеуіне үлкен үлес қосып жатырсыздар.
Жүрегінде мейірім, көңілінде көктем орнаған асыл жанды аналар, ізгі пейілді әйел азаматтар барда қоғамымыз серпінді түрде алға баса беретін болады. Мен бұған кәміл сенім білдіремін.
Сіздердің дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, ырыс-құт тілеймін. Ортамызда аман-есен жүре беріңіздер! Қуатты Қазақстанның парасатты ұрпағын тәрбиелеудегі игілікті істеріңізге сәттілік тілеймін!