oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Тумабаев Куат Мухитович - Өскемен қаласының әкімі

«Тұрғын үй қатынастары туралы»

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 71-бабының 5-тармағына сәйкес «Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары» ММ Өскемен қаласының коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының кезек тізіміне түгендеу жүргізілетіндігі туралы хабарлайды.

Осыған байланысты, өтініш берушілерге Протозанова көшесі, 37А мекен-жайында орналасқан «Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары» ММ 2 қабатында орналасқан «Тұрғын үйді есепке алу және бөлу секторы» кабинетіне 2018 жылдың 1 сәуірінен 1 желтоқсан аралығында хабарласу қажет.

Кезекке тіркелген азаматтар келесі құжаттарды жаңарту қажет:

1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (өтініш берушінің жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады) және өтініш берушімен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің (болған жағдайда) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

2) азаматтық хал актілерін (туу, қайтыс болу, неке қию (ерлі-зайыпты болу), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, бала асырап алу, әке (ана) болуды анықтау, атын, әкесінің атын және тегін өзгерту) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің көшірмелері.

Өтініш берушінің отбасы мүшелері деп басқа адамдар танылған жағдайларда, соңғылары оларды өтініш берушінің отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімінің көшірмесін ұсынады;

3) өтініш берушіде және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы аумақтық әділет органының анықтамалары.

Өтініш берушіде және/немесе оның өтінішке енгізілген отбасы мүшелерінде жеке меншік құқығында тұрғын үйдегі үлесі болған кезде құқық белгілеуші құжаттардың көшірмелері ұсынылады;

4) мекенжай анықтамасы не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын ауыл әкiмдерінiң анықтамасы;

5) халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын азаматтар қосымша өтініш берушінің (отбасының) халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататынын растайтын құжатты, сондай-ақ отбасының әрбір мүшесіне (мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелейтін отбасыларды қоспағанда) соңғы он екі ай ішіндегі табысы туралы мәліметтерді ұсынады;

6) мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар жұмыс орнынан (қызметтен) анықтаманы қосымша ұсынады. Ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер Қазақстан Республикасының Үкіметі беретін мәртебесін растайтын құжатты ұсынады;

7) жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда деп танылған азаматтар жергілікті атқарушы органның тиісті анықтамасын ұсынады;

8) отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай келмеген жағдайда, өтініш беруші санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы жүргізген санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың нәтижелері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының түпнұсқасын қосымша ұсынады;

9) отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген техникалық талаптарға сай келмеген жағдайда, өтініш беруші сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы аттестатталған сарапшының техникалық қорытындысының (тұрғын үйді техникалық зерттеп-тексеру нәтижелері бойынша) түпнұсқасын қосымша ұсынады;

10) жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екі және одан көп отбасы тұрып жатқан жағдайда, өтініш беруші өзі тұратын тұрғын үй-жайдың техникалық паспорты мен құқық белгілейтін құжатының көшірмелерін қосымша ұсынады;

11) отбасы құрамында кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын науқастар бар, бір үй-жайда (пәтерде) олармен бірге тұру мүмкін болмаған жағдайда өтініш беруші тиісті ауру түрін растайтын құжатты қосымша ұсынады.