oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жаксылык Мукашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер (2018 жыл)

2018 жылдың 27 наурызында БЖЗҚ-ның барлық филиалдарында биыл алғаш рет Ашық есік күні өтеді. Аталмыш шара әдеттегідей барша салымшылар мен алушылар үшін өте өзекті  тақырып – зейнетақы жүйесіндегі өзгерістерге арналмақ. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындардың арасында түсіндірмелік жұмыстарды белсенді жүргізіп, салымшыларға зейнетақы жүйесіне қатысты кешенді сауалдар бойынша жан-жақты мәлімет беруде.   

Зейнетақы жүйесін жаңғыртудың басты мақсаты – зейнетақы жинақтарының тиімділігін арттыру.  Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі зейнетақыны зейнеткерлерге еңбекке жарамсыз жаста жүйелі табыстың  лайықты көлемін қамтамасыз ету мақсатында  түрлі төлем  көздерінен, нақтылар болсақ, мемлекеттік бюджет қаржылары есебінен (бұл базалық және ортақ зейнетақы) және салымшының өз қаржыларынан (жинақтаушы компонент, БЖЗҚ-ның төлемдері) берілетін қаржы ретінде қарастырады.

2014 жылы Мемлекет басшысы бекіткен Зейнетақы жүйесін жаңғырту тұжырымдамасына сәйкес, зейнетақы жинақтарын бір мәрте шешіп алуға шектеу қойылып, ай сайын төлем жасау тәртібі бекітілді. Бұл шаралар зейнетақы жүйесінің тұрақтылығы мен тиімділігін арттыру, бюджет есебінен және жинақтаушы зейнетақы есебінен жасалатын зейнетақы төлемдерінің ортақ көлемін ұлғайтуға бағытталған.

 Бүгінде зейнеттегі азаматтарға төленетін зейнетақының 80−85% мемлекеттік зейнетақыдан құралады. Бұл жағдай біртіндеп өзгермек. 2018 жылға дейін еңбек өтілі жоқ азаматтар 2040 жылдан бастап зейнетке  шыға бастағанда олар тек өз жинақтары мен базалық зейнетақыға иек арта алады.   Әрі 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап азаматтардың зейнетақысы    жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу мерзіміне қатысты белгіленеді.

  Яғни, зейнетақымен қамту деңгейі   мемлекет пен жұмыс берушінің жарнаны уақытылы аударуына ғана емес, азаматтың өзіне көбірек байланысты болмақ», -деп атап өтті «БЖЗҚ» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының өкілдері.

 

Зейнетақы заңнамасына 2018 жылдың бірінші қаңтарынан бастап күшіне енген және таяу болашақта енгізілетін басқа да өзгерістермен қор  мамандары 27 наурызда өтетін шара барысында кеңірек таныстырады.  Сонымен қатар, салымшылар мен алушылар Ашық есік күні барысында өздерін толғандыратын сауалдарға жан-жақты жауап алып, мамандармен жеке кеңесе алады.

  Естеріңізге сала кетейік, «БЖЗҚ» АҚ алғаш рет Ашық есік күнін тура бір жыл бұрын «Зейнетақы жүйесінің құрылымы қандай?» деген тақырыпта өткізген болатын. Салымшылар тарапынан үлкен қызығушылыққа ие мұндай шараларды Қор жүйелі түрде әрбір тоқсан сайын ұйымдастырып келеді.