oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Есеп ҚР Тәуелсіздік күніне және ҚР өртке қарсы қызметінің 100 жылдығына арналған, «Жас құтқарушылар мектебінің» кубогына,мектептер арасындағы жарыстардың қорытынды кезеңі туралы

2018 жылғы 11 мамырда сағат 10.00-де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне және Қазақстан Республикасы өрт сөндіру қызметінің 100 жылдығына арналған Өскемен қаласы Протозанова 97/1 көшесінде Төтенше жағдайлар департаментінің спорт алаңында, «Жас құтқарушылар мектебінің» кубогы үшін өртке қарсы спорт түрлерінен спорттық жарыстардың қорытынды кезеңі өтті.

Бұл іс-шараға жарыстың алғашқы 3 кезеңінің жеңімпаздары 6 сынып оқушылары қатысты: № 26 мектеп, № 35 мектеп, №36 мектеп - 6 сынып оқушылары, сынып жетекшілері мен АӘД оқытушылары, сондай-ақ болашақ жас құтқарушылар 28 оқушы 5-ші сынып, барлығы 70 адам болды.

ТЖД спорттық кешені әртүрлі баннерлармен, шарлармен, плакаттар, спорттық тренажерлармен және жарысқа қажетті жабдықтармен жабдықталған.

Жарыс алдында концерттік бағдарлама ұйымдастырылды, онда Потапова Катя - №10 мектептің 8-сынып оқушысы, № 35 мектептің 7ші сынып оқүшысы - Құмарғазин Мансур өнерлерін көрсетті.

Бұл шараның мақсатыпатриоттық рухқа тәрбиелеу, салауатты өмір салтына, өмір тіршілік қауіпсіздігі негіздерін үйренуге, болашақ жастарға әр түрлі экстрималдық апаттарда қалай әрекет жасауды үйретеді және жастарға профориентациялық жұмыс жүргізу болып табылады.

Командалар келесі спорттық түрлерден жарысқа түсті: өрт сөндіру спорты, альпинизм, скалалазм және құтқару ісі, алғашқы медициналық көмек.

Жарыста команда 5 сайысқа түсті. Барлық командалар жақсы дайындалды және Кубокты жеңуге тырысты. Әр кезеңнің нәтижесі бойынша күрделі күрес нәтижесінде командалар өзара финалдағы жүлделі орындарды бөліп алды:

1 орын - № 26 орта мектеп командасы;

2 орын - № 36 орта мектеп командасы;

3 орынды - № 35 орта мектеп командасы бөлісіп алды.       

«Жас құтқарушылар мектебінің» Кубогы жалпы білім беретін № 26 мектебіне лайықты болса да, барлық командалар өртке қарсы қызметі мен альпинизм сабақтары бойынша дайындықтан өтіп, медициналық дайындығы бойынша білімділік танытты.

«№29ҚБМО» КММ Жас құтқарушы орталығының басшысы  Е.Шатурный