oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Журналистика саласында Өскемен қаласы әкімінің сыйлығына «Қалам - 2018» байқауын өткізу ережесі

1.  Жалпы ережелер

1) Үздік журналистикалық жұмысқа байқау Өскемен қаласының әкімдігімен өткізіледі.

2) Байқауға Өскемен қаласында жұмыс істейтін журналистер қатысады.

2.  Мақсаттары мен міндеттері

1) Байқау мақсаты: Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени, ғылыми, спорттық өмірінің мәселелерін жариялауға жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының журналистерін жұмылдыру.

2) Байқау міндеттері:

Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын ақпараттық жариялау;

Талантты журналистерді қолдау;

Ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуда, қазақстандық жаңа патриотизмді, азаматтық жауапкершілікті тәрбиелеуде журналистердің қосқан үлесіне баға беру.

3.  Талаптар мен өткізу тәртібі

1) Үздік журналистикалық жұмысқа байқау 5 номинация бойынша өткізіледі:

- Өскемен қаласының қоғамдық-саяси өмірі;

- Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы аясында мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру;

- Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы;

- «Астана – ұлы дала Елордасы!» – Астана қаласының 20 жылдығы;

- Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

2) Байқауға 2017 жылғы 25 маусым мен 2018 жылғы 25 маусым аралығында шыққан қазақ және орыс тілдеріндегі жұмыстар қабылданады.

3) Өскемен қаласы әкімінің сыйлығына үміткерлер бұқаралық ақпарат құралдарының редакция тарапынан, сондай-ақ, өздігімен ұсынылады.

4) Баспа басылымдарының журналистері үшін есімі, әкесінің есімі, тегі, бұқаралық ақпарат құралының атауы, нөмірі және уақыты көрсетілген барлық жарияланымдарының көшірмелерін бумаға тігіп ұсынады. Сондай-ақ, ұсынылған жарияланымдарының тізімін қоса тапсыру қажет.

5) Теле-радиожурналистер, телеоператорлар бейнематериалдарын DVD форматтарында, қатысушының аты-жөнін көрсетіп ұсынады. Сондай-ақ, атауы, ұзақтығы, қысқаша мазмұны, эфирге шыққан уақыты, телеарнасы көрсетілген бейнематериалдар тізбесі қосымша тапсырылады.

6) Бір үміткер екі не одан да көп номинацияға ұсынылмайды.

7) Үміткерге сыйақы бір рет тапсырылады.

8) Қатысушыларға арналған сыйақы және көтермелеу мөлшері конкурстық комиссиямен тағайындалады.

9) Материалдарды Өскемен қ., Киров к., 33, 105 каб. мекенжайы бойынша «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ 2018 жылғы 25 маусымға дейін тапсыру қажет.

10) Қала әкімінің сыйлығын тапсыру рәсімі радио, телеарна және баспасөз Күні кәсіби мерекесінің қарсаңында салтанатты түрде өткізіледі.

 

4. Байқауға ұсынылған материалдарға баға берудің басты талаптары:

1) Материалдың өзектілігі және қоғамдық маңызы.

2) Материалдың объективтілігі және толық болуы.

3) Тақырыпты ашудағы шеберлігі, айқын және айрықша болуы.

4) Азаматтық позициясы, жаңашылдығы.

5. Марапаттау

Байқау жеңімпаздары сыйақы және «Журналистика саласында Өскемен қаласының  әкімі сыйлығының лауреаты» дипломын иеленеді.