oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Тумабаев Куат Мухитович - Өскемен қаласының әкімі

Жағажайларда және апатты суға шомылу орындарында патрульдеу күшейтілді

Міне бірнеше күн Өскемен ыстық ауа-райы тұр, қала халқы жағажайларға беттеген. Демалушылардың қауіпсіздігі мақсатында қалалық төтенше жағдайлар қызметінің мамандары және қаланың өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамы жағажайларға патрульдеуді күшейтті және халықпен түсініктеме жұмысын белсенді түрде жүргізеді.

Қалалық жағажайлардан басқа назарда жаппай шомылудың апатты орындары тұр, құтқарушылар мен өрт сөндірушілер демалушылармен әңгімелесу өткізеді және оларға суда өзін ұстау ережесі мен балаларды қарау қажеттігі туралы жаднама таратады. Қазір суайдында демалып жатқандардың көпшілігіне тағы да бір рет қауіпсіздік туралы ескерту артықтық етпейді, өйткені  көпшілігі өз қауіпсіздігіне немқұрайлы қарайды және тіптен суайдын жағасында ішімдік ішеді.

Одан басқа, ШӨАЖҚЖ сүңгуірлерімен мектеп жанындағы лагерлерде демалып жатқан балалармен арнайы сабақтар жүргізіледі.

Су жағасында жаппай демалатын орындарда күшейтілген рейдтер суға шомылу маусымы ресми түрде жабылғанға дейін өтетін болады.

Өскемен қаласы ТЖ басқармасының ақпараты