oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Тумабаев Куат Мухитович - Өскемен қаласының әкімі

«Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ

Өскемен қаласы әкімдігінің «Жаңа Согра» ШЖҚ КМК директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды, мекен-жайы: Менделеев көшесі, 13А, тел. 620204.

Кәсіпорын қаланың коммуналдық шаруашылығы, сумен жабдықтау және су бұру, жылу энергиясын өндіру, беру және жабдықтау саласында қызметті жүзеге асырады.

Функционалдық міндеттері: Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметтеріне жалпылай басшылық жасау; барлық құрылымдық бөлімшелердің, цехтардың, қызметтердің, бөлімдердің өзара қарым-қатынастарын ұйымдастыру; Үздіксіз сумен жабдықтау, су бұру, жылу энергиясын өндіру, беру және жабдықтау бойынша кәсіпорынмен қабылданған барлық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету. Кәсіпорынның перспективасын, стратегиясын және техникалық, экономикалық және әлеуметтік даму басымдылықтарын анықтайды. Кәсіпорынмен қызметті тұтынушылар, мембюджет, өнім берушілер, тапсырыс берушілер мен банкті қоса алғанда кредиторлар алдында міндеттемелердің орындалуын, сондай-ақ шаруашылық және еңбек шарттарының (келісімдердің), индикативті жоспарлар мен бизнес-жоспарлардың көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етеді.    . 

Біліктілік талаптары: Білімі жоғары техникалық немесе инженерлік-экономикалық, кәсіпорын саласына сәйкес басқарушы лауазымында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (жалпы және негізгі бөлімдері), Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-ІV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңын, мемлекеттік кәсіпорынның қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.

Үміткерлер «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің кадрлар бөліміне келесі құжаттарды: конкурсқа қатысу туралы өтініш; мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме; еркін үлгіде жазылған өмірбаян; білімі туралы құжаттарының көшірмелерін; белгіленген тәртіпте куәландырылған еңбек кітапшасының (ол бар болған жағдайда) немесе еңбек шартының не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтардың көшірме үзіндісін; белгіленген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманы ұсынулары қажет.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде ұсынылуы тиіс. Конкурсты өткізу орны – «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ.

Мекен-жайы бойынша анықтама: ШҚО, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 27, кабинет 301, телефоны: 261816.