oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жаксылык Мукашұлы - Өскемен қаласының әкімі

2018 жылғы 1 шілдеден бастап, кәмелет жасына толған i топтағы бала кезден мүгедектерді күту бойынша жәрдемақының жаңа түрі енгізілуде

Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы жолдауында 2018 жылғы  1 шілдеден бастап кәмелет жасына толған I топтағы бала кезден мүгедектетерді күту бойынша бір күнкөріс деңгейінен төмен емес ай сайынғы жәрдемақы енгізу туралы тапсырма берілді.

Осыған байланысты, «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы №63 Заңына өзгерістер мен толықтырулар әзірленді.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына сәйкес, кәмелет жасына толған I топтағы бала кезден мүгедектерді күту бойынша ай сайынғы жәрдемақыны тағайындау және төлеу 2018 жылғы           1 шілдеден бастап енгізу жоспарлануда (бұдан әрі – бірінші топтағы бала кезден мүгедектерді күту бойынша жәрдемақы).

Заң жобасымен жәрдемақы тағайындау үшін тұлғалар өтінішпен жүгіну көзделеді:

- тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға;

- электрондық үкімет порталы (ЭҮП) арқылы;

- тұрғылықты жері бойынша МӘС бөлімшесінде бала кезден бірінші топтағы мүгедектікті алғаш рет белгілеу кезде.

Өтініш беруші жеке өтініш беруге мүмкіндігі болмаған жағдайда, заңмен белгіленген тәртіпте сенімхат негізінде жәрдемақы тағайындау туралы өтінішін беруге басқа тұлғаларға өкілеттік беруге құқылы.

Бірінші топтағы бала кезден мүгедектерді күту бойынша жәрдемақы бірінші топтағы бала кезден мүгедектің немесе оның заңды өкілінің өтініш берген күннен бастап бірінші топтағы бала кезден мүгедектіктің анықталуының барлық кезеңіне тағайындалады.

Егер отбасында екі немесе одан да көп, бірінші топтағы бала кезден мүгедектер тұрса олардың әрқайсысынын күтіміне жәрдемақы тағайындалады және төленеді.

Бірінші топтағы бала кезден мүгедекті күту бірнеше тұлғамен жүзеге асырылған жағдайда жәрдемақы олардың біреуіне ғана тағайындалады және төленеді.

Бірінші топтағы бала кезден мүгедек немесе оның заңды өкілі күтімді жүзеге асыратын тұлғаны ауыстыру туралы өтінішін күнтізбелік жыл ішінде екі реттен артық емес беруге құқылы.

Бірінші топтағы бала кезден мүгедекке күтімді жүзеге асыру көзделеді:

1)       бірінші топтағы бала кезден мүгедек және күтімді жүзеге асыратын тұлға бір елді мекенінде тұруы;

2)       бірінші топтағы бала кезден мүгедекке күтім жасаушы тұлғаның көмегі  бір немесе бірнеше реттелмейтін маңызды қажеттіліктерді орындау үшін (жеке гигиена сақтау, киіндіру, тамақтану, физиологиялық жөнелтілімдер, тұрғылықты жерінен тағайындалған жерге дейін және кері ілесу және басқа да), қанағаттандыру қажеттілігі күніне бір немесе бірнеше рет туындайды.

Бірінші топтағы бала кезден мүгедек күтімі бойынша жәрдемақы тағайындалмайтын тұлғалар:

1) кәмелет жасына толмаған;

2) сотпен іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған немесе әрекетке қабілеттілігі шектелген;

3) психиатриялық және (немесе) наркологиялық диспансер есебінде тұрған тұлғалар.

Бірінші топтағы бала кезден мүгедектер үшін жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтері күтім жасауды жүзеге асыратын адамға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төлеу және тағайындау кезде ұсынылмайды.

Бірінші топтағы бала кезден мүгедекті күту бойынша жәрдемақы мөлшері - 1,05 күнкөріс деңгейінен төмен емес.

Құжаттардың тізбесі:

өтініш беруші үшін:

1)       өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат - сәйкестендіру үшін;

2)       бірінші топтағы бала кезден мүгедекке қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген жағдайда - бірінші топтағы бала кезден мүгедекке қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат;

3)       Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу бөлімінің анықтамасы.

Бірінші топтағы бала кезден мүгедек күтімін жүзеге асыратын тұлға ретінде анықталған адам үшін:

1)    өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат - сәйкестендіру үшін;

Оралман мәртебесі бар тұлғалардың бірінші топтағы бала кезден мүгедек күтіміне жәрдемақы тағайындауға өтініш берген жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін оралман куәлігінің көшірмесі беріледі;

2)                жәрдемақылар беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банк шотының нөмірі туралы ақпаратты растайтын құжат - сәйкестендіру үшін;

3)                психикалық денсаулық орталығында есепке алынбаған жағдай фактісі туралы ақпарат Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесінде тексеріледі;

4)       бірінші топтағы бала кезден мүгедекті күтуді жүзеге асыратын белгіленген тұлғаның әрекетке қабілеттілігі туралы ақпарат Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi «Жеке тұлғалар мемлекеттiк дерекқоры» ақпараттық жүйесінде жеке басын куәландыратын құжат бойынша тексеріледі;

5)       Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу бөлімінің анықтамасы.

Бірінші топтағы бала кезден мүгедекті күту бойынша жәрдемақы тағайындау үшін өтініш берушінің және бірінші топтағы бала кезден мүгедекті күтуді жүзеге асыратын тұлғаның тұрғылықты жерін растайтын құжаттарды ұсыну(бірінші топтағы бала кезден мүгедекті күтуді жүзеге асыратын деп анықталған бір қаланың және (немесе) ауданның шегінде тұру фактісін растау үшін), бірінші топтағы бала кезден мүгедекке қорғаншылық белгілеу, сондай-ақ, қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдарының ақпараттық жұйелеріне сұранысына сәйкес құжаттарда көрсетілген ақпараттар расталған кезде бірінші топтағы бала кезден мүгедекке мүгедектігі туралы анықтама талап етілмейді.

Жәрдемақы төлемін тоқтату үшін мыналар негіз болып табылады:

1) бiрiншi топтағы бала кезден мүгедектiн немесе оның заңды өкiлiнің немесе бiрiншi топтағы бала кезден мүгедектiн күтімін жүзеге асыратын тұлғаның өтініші;

2) жәрдемақының заңсыз тағайындалуына әкеп соқтырған жалған мәліметтерді ұсыну;

3) бiрiншi топтағы бала кезден мүгедектiн немесе оған күтімді жүзеге асыратын тұлғаның қайтыс болуы;

4) бiрiншi топтағы мүгедек немесе күтімді жүзеге асыратын тұлғаның Қазақстан Республикасы шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткені;

5) бiрiншi топтағы бала кезден мүгедектiк мүгедектік тобының өзгеруі.