oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жаксылык Мукашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың шығысқазақстандықтарды және облыс әкімін Астананың 20 жылдығымен құттықтауы

Құрметті Даниал Кенжетайұлы!

Сізді және бүкіл Шығыс Қазақстан облысының жұртшылығын Астананың 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіз Қазақстанның символы саналатын бас қаламыздың айтулы мерейтойы – барша қазақстандықтарға ортақ қуаныш.

Сарыарқа төсіне қазығын қаққан еңселі елордамызды тұрғызуға бүкіл халқымыз жұмыла атсалысты.

«Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысы да елордаға ерекше сый жасады.

Заманауи технологияларды қолдана отырып Ботаникалық бақ аумағында салынған жарықты-музыкалы субұрқақ бақтың сәніне сән қосқан нысан болды. 

Бұл жер елорда тұрғындары мен қонақтары серуендейтін сүйікті демалыс орнына айналатынына сенімдімін.

Астананы көркейтуге зор үлес қосқан Сізге және өңір тұрғындарына шынайы ризашылығымды білдіремін.

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

Н. Назарбаев