oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Тумабаев Куат Мухитович - Өскемен қаласының әкімі

Алдын алу мақсатында

Егерде заң тиісті түрде орындалмаса, оны өзгертудің еш мәні жоқ. Сыбайлас жемқорлықтың арқасында бізде заң орындалмай және әртүрлі түсіндірілуі мүмкін.

Алдын алу мақсатында ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік департаментінің мамандары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау» тақырыбына Өскемен қ. ТЖБ қызметкерлері үшін дәріс өткізді. Дәрісте мамандар заңды бұзғаны үшін жауапкершілікті түсіндірді, «заңды айналып өткені» үшін пара беру фактісін болдырған, мемлекеттік қызметшілерді ұстаудың соңғы оқиғалары туралы бейнеролик көрсетті. Роликте сондай-ақ бостандығынан айыру орындарында отырғандардың өмірінен үзінді көрсетілді.   

Сонымен қатар іс-шарада біздің өңірде мемқызметшілерді ұстау фактілері талқыланды. ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік департаментінің қызметкерлері, жүргізген талдауға сәйкес бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық жол құрылысы кезінде, білім беру, медицина, құқыққорғау органдары саласында орын алатындығын атап көрсетті.

Бұрынғысынша сыбайлас жемқорлық қылмысының ең таралған түрі ол пара беру, алаяқтық және лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану болып табылады.  

Кездесуде ішкі істер органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың себептері аталды:

·                   ішкі істер органдары жүйесінің қызметін регламенттейтін, заңнаманың жеке нормаларының жетілдірілмеуі;

·                   ішкі істер органдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімдерінің жеткіліксіздігі;

·                   барлық деңгейдегі басшылардың тәрбие жұмысын дұрыс жүргізбеуі;

·                   сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қабылданатын ұйымдастырушылық, жүйелік шаралардың жеткіліксіздігі;

·                   ішкі істер аумақтық органдары, ведомстволары және олардың бөлімшелері басшыларының қабылдауы кезінде жабықтық пен ашықтықтың жеткіліксіздігі;

·                   шектен тыс бюрократия және әкімшілік кедергілер;

·                   ішкі істер қызметкерлерімен жиі байланысқа түсетін, мүдделі топтар мен азаматтардың құқықтық мәдениетін жоғарылатуға назардың жеткілікті аударылмауы.

Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша әртүрлі бағдарламалар жүргізіледі және жүргізіліп те жатыр. Сыбайлас жемқорлықпен күрес үшін ештеңе істелген жоқ айтуға болмайды. Алайда, оны түбегейлі жою үшін барлық шаралар жасалды деп те айтуға болмайды, осы мәселенің маңыздылығын ескерсек, кез-келген инновациялық бағдарламалар, бизнесті қолдаулар, әлеуметтік бағдарламалар және т.б. өз тиімділігін көп есе жоғалтады.  Міне сондықтан да сыбайлас жемқорлықты болдырмау Қазақстан үшін ең бір бастапқы міндеттердің бірі болып отыр.

Өскемен қаласының ТЖБ ақпараты