oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
әкімдігінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

«Менің шағынауданым» акциясын өткізу қорытындылары

2018 жылғы 9 – 13сәуір аралығында БҰҰ Балалар қорының  (ЮНИСЕФ) «Балаға мейірімді қала» халықаралық жобасын іске аасыру аясында Отбасын және балалықты қолдау орталығының негізінде балалар мен жасөспірімдерге арналған «Менің шағынауданым» акциясы өткізілді.  Балалар үшін қауіпсіз және жайлы орта қалыптасқан қала ғана мейірімді болатындығын ескере отырып, акция барысында дәстүрлі жыл сайынғы Өскемен қаласында тұру жайлылығы туралы балалар пікірін зерттеу жүргізілді.

Аталмыш акцияға қаламыздың 16 мектебі қатысты:  №2, №4, №8, №15, №19, №27, №29, №32, №36, №37, №38, №39 №44, №45, №46, №47. Жалпы акцияға  81 адам қатысты.

Жоғарыда көрсетілген мектептерден, қаламыздың әр түрлі шағынаудандарынан келген қатысушылар өз аудандарындағы мәселелер туралы өз ойларын жеткізіп,  5 негізгі бағыт бойынша қаламыздың басқару органдарына сұрақтар әзірледі. Нақты айтқанда:

·        экология және қоршаған ортаны сақтау;

·        Қала ортасын балалар мен жасөспірімдердің мәдени және демалыс  өмірі үшін ұйымдастыру;

·        Қала ортасының қауіпсіздігі және өскелең ұрпақты әлеуметтік қорғау;

·        Балалар мен жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығы;

·        Қол жетімді білім беру.

Қала деңгейінде шешімдер қабылдауға балалардың қатысуын іске асыру мақсатында аталмыш сұрақтарды «Балаға мейірімді қала» бастамасын іске асыру бойынша Үйлестіру кеңесінің мүшелері, сонымен қатар мемлекеттік орындау органдарының( әкімдік, қалалық басқару бөлімдері) қатысуымен 2018жылғы мамыр айында өткізуді жоспарлап отырған «Көшбасышға арналған 20сұрақ» диалогтік алаңында ұсыну үшін  әр мектептен спикерлер таңдалып алынды.