oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
әкімдігінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

10 сәуірде Өскемен қаласы әкімдігінің «Отбасын және балалықты қолдау орталығы» КМҚК-да «Менің шағынауданым» акциясы басталды. Аталмыш іс-шара «Балаға мейірімді қала» бастамасын іске асыру аясында қала мектептерінің қатысуымен жыл сайын өткізіледі. Балалар мен жасөспірімдердің өздерін қызықтыратын қаланың қоғамдық өміріне белсенді араласуы «Балаға мейірімді қала» бастамасының әрекет етуінің негізгі қағидаларының бірі болып табылады. 

Бұл акцияны өткізу мақсаты балалар қоғамы өкілдерін Өскемен қаласының мемелекетттік органдарымен бала құқықтарының іске асырылуын талқылауға тарту болып табылады. Акцияға әлеуметтік дәрежесі мен жағдайына қарамастан өзін-өзі басқару органдарының көшбасшылары, Жас Ұлан мүшелері, балалар және жастар қоғамдық бірлестіктері қатыса алады.

Акция барысында қатысушылар өздерінің шағынаудандарындағы мәселелерге қатысты өз ойларын айтады және  ұсынылған бала құқықтарын қорғау саласындағы бағыттар бойынша қаламыздың басқару органдары өкілдеріне сұрақтартарды әзірлейді.

Қала ортасын жақсарту бойынша ұсыныстарды әзірлеу оларды 2018жылғы мамыр айында өткізуді жоспарланған «Көқшбасшыға арналған 20сұрақ» атты диалогтік алаңда ұсынуға мүмкіндік береді. Талқылауға «Балаға мейірімді қала» бастамасын іске асыру бойынша Үйлестіру кеңесінің мүшелері, сонымен қатар мемлекеттік басқару органдарының өкілдері( әкімдік, қалалық басқару органдарының бөлімдері) қатысады.