oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Тумабаев Куат Мухитович - Өскемен қаласының әкімі

2018 жылғы 24 мамырдаӨскемен қаласы әкімдігінің «Отбасын және балалықты қолдау орталығыала» КМҚК «Балаға мейірімді қала» бастамасын іске асыру аясында  «Көшбасшыға арналған  20 сұрақ» диалогтық алаңын өткізді. Іс-шараның басты мақсаты қалалық ортаны жақсартуға бағытталған әлеуметтік маңызды бастамалар мен жобаларды іске асыруды насихаттау, жергілікті билік жүйесіне балалардың қатысуы үшін жағдай жасау болып табылады. Диалогтық алаң - балалар мен жастарды қалалық қоршаған ортаға қатысты шешімдер қабылдауда белсенді қатысатын құралдардың бірі.

Диалогтық алаң  барысында көшбасшылар мемлекеттік органдар өкілдеріне, қалалық мәслихат депутаттарына өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып,  қала дамуының 5 бағыты:

• қалалық ортаны дамыту;

• қауіпсіздік және заң және тәртіп;

• қол жетімді білім;

• Денсаулық сақтау;

• ерекше қажеттіліктері бар халықты әлеуметтік қолдау бойынша ұсыныстарын енгізді.

Өскемен қаласы әкімі аппаратының басшысы Шурманов Е.А., Қоғамдық кеңестің төрағасы, қалалық мәслихат депутаты – Каримов С.А., Өскемен қаласы  білім беру бөлімі басшысының орынбасары – Журавлев Д.С. және бастаманы іске асыру бойынша Үйлестіру кеңесінің басқа да мүшелері балалар қызығушылық танытқан  барлық сұрақтарға толық жауап берді. Нәтижелер атқарушы органдарға берілген нақты ұсыныстармен рәсімделді, хаттама жасалып, қала әкімдігінің барлық бөлімдеріне жіберілді.

Іс-шара аяқталғаннан кейін, билік өкілдері қатысушыларға әрқашан өз ұстанымын қорғауға және қалалық қоршаған орта мәселелерін шешуде өз қызығушылығын білдіруге дайын болғандары үшін  алғысын білдірді. Ең белсенді спикерлер дипломдармен марапатталды, және басқарушы  органдардың пікірінше ең қызықты және өзекті сұрақ қойған №8 орта мектеп оқушысы Молдабаева Балшекер алғыс хатпен марапатталды.