oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жаксылык Мукашұлы - Өскемен қаласының әкімі

ШҚО аймақтық тұрғын үй бағдарламасы аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттері үшін мөлшерлемелер төмендетілді

Шығыс Қазақстан облысындағы аймақтық тұрғын үй бағдарламасына қатысып, ең жоғарғы жылдық мөлшерлемесі 7% болатын заем алу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) клиенттерінің шоттарында 20% көлеміндегі бастапқы жарнаның болуы жеткілікті.

Бұған дейін пайыздық мөлшерлеме жинақ сомасына тәуелді болып, соның негізінде анықталатын еді. Мәселен, шотында үй құнының 30%-на тең бастапқы жарнасы бар салымшы жылдығы 9,5% болатын алдын-ала займ алудан үміткер болатын. Ал үш жылға жетпейтін уақыт ішінде депозитіне 50% жинап үлгерген немесе оны бірден аударған клиент 7,5-8,5% аралығындағы мөлшерлемесі бар несие ресімдей алатын.

Жылдық мөлшерлемесі 3,5-5% аралығындағы тұрғын үй займы шарттары өзгерген жоқ. Оны алу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиентіне кем дегенде 3 жыл ішінде банктегі шотына үй бағасының 50%-ын жинап, қажетті бағалау көрсеткішіне қол жеткізу керек.

Несиелендірудің ең ұзақ мерзімі – 25 жыл. Ол таңдалған заем түріне байланысты анықталады.

- Аймақтық тұрғын үй бағдарламасы аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 377 салымшысы баспаналы болды. Қазір біз таза әрлеудегі тағы 131 пәтерді тиімді бағамен ұсынып отырмыз. Үй сатып алған Семей тұрғындарының қатары артуы үшін ең төменгі бастапқы жарна көлемі мен несиенің мөлшерлемесін азайттық. Енді, мәселен, екі бөлмелі пәтер сатып алу мақсатында алдын-ала тұрғын займын ресімдеу үшін шотта 2 млн теңгеден сәл асатын соманың болуы жеткілікті, - деп түсіндірді Семей қаласындағы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі филиалының директоры Равиль Сәбитов.

Бұл мысал аумағы 72 шаршы метр, бағасы 10,6 млн теңге (1 ш.м құны 148 000 тг) болатын пәтер бағасы есебінен алынып отыр. Алдын-ала заем көмегімен мұндай үй сатып алған клиент алғашқы 8 жыл ішінде ай сайын 89 866 теңгеден төлеп отырады. Осыдан кейін клиент тұрғын үй займына өтеді, сондықтан оның айлық төлемі 44 240 теңгеге дейін төмендейді.

Аймақтық тұрғын үй бағдарламасы аясында Семей қаласында барлығы 508 пәтерден тұратын 11 көппәтерлі тұрғын үй салынған. Олардың 1 шаршы метрінің бағасы 125 000-155 200 теңге аралығында.

Аталған бағдарламаға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің кез келген салымшысы қатыса алады. Ешқандай шектеу жоқ, бұл осы жобаның артықшылығы болып отыр.

Сондай-ақ «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісі бойынша Семей қаласында 8 көппәтерлі тұрғын үй салынып жатыр. Нысандар «Қарағайлы» атты жаңа ықшамауданда орналасқан. Пәтерлердің 1 шаршы метрінің бағасы 140 000 теңгені құрайды.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында қандай өтініштердің қабылданып жатқанын білу, сондай-ақ аймақтық тұрғын үй бағдарламасына қатысу үшін baspana.kz порталына өту керек. Мұнда ұнаған пәтерді таңдап, бағдарламаға қатысуға өтініш беруге болады.

***

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ. 

БАҚ үшін қосымша ақпарат:
+7 (727) 279 35 11 (ішкі 00527), 8 707 490 17 67, pr@hcsbk.kz