oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Ортақ мәселелер - ортақ тапсырмалар

Өскемен қаласының әкімі қала тұрғындарымен бірқатар кездесулер өткізді. Облыс орталығының азаматтары өз сұрақтарын тікелей қойып, тілектерін білдірді және қала басшысынан да, қалалық әкімшіліктің өкілдерінен де бірден сұрақтарына жауап ала алды.

Бірқатар көшелердегі тротуардың болмауы туралы айтылған сұрақ басты мәселелердің бірі болды. Жақсылық Мұқашұлы тапсырманың маңыздылығымен келісті және осы бағытта жұмыс биылғы жылы басталатынын атап өтті. Жылдың соңына дейін жаяу жүргіншілер жолын Революционная – Севастопольская көшелерінің арасында және Гагарин бульварының арасында, сонымен қатар Безымянный - МЖЖА арасындағы Белинский және Алматы көшелерінің арасында жабдықтау туралы шешім қабылданды.

 

Жиналыстарда жәнеде су тасқынына дайындық мәселесі талқыланды. № 8 жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің басшысы Олеся Салимбаевның айтуынша, жылдан жылға, Бражий ағанының мәселесі қиындық туғызады. Көктемде су тасып, аулалар мен жеке секторларды су басады. Биыл су ағыны алдын ала тазартылды, бірақ бұл жұмысты ары қарай жалғастырып және сол жерді тереңдету қажет. Жақсылық Омар бұл мәселені егжей-тегжейлі қарауға уәде берді. Сондай-ақ көптеген тұрғындар өз аумақтарында жаман су ағатын кәріздің жоқтығына шағымданды. Бұлл жағдай жайлы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Руфат Aкрамов түсініктеме берді:

- Өскеменнің көптеген аудандарында жаман су ағатын кәріз жоқ. Бұл мәселе бізге таныс, бірақ мұқият талдауды қажет етеді. Бүкіл қала бойынша осы мәселенің жалпыға ортақ жүйесін құру жөніндегі кешенді жоспарды әзірлеу басталды.

Кездесулерде қоғамдық тәртіп мәселелеріде талқыланды. Бұрынғы ММС және Гагарин бульвары аумағында кешке дейін жүріп жүрген жастар көбінесе шулы болады. Жергілікті полиция қызметінің басшысы Бауыржан Омаров ауданда полиция бекетін ұйымдастыру маңызды екенін атап өтті. Өз кезегінде, жергілікті полиция тұрақты жұмысты қамтамасыз етеді, ал қала ғимаратты өзі орнатып берсе деген ой айтты. Әкім осы бастаманы толығымен қолдады және жер қатынастары бөлімін және басқа да уәкілетті орындарды жақын арада осы мәселе бойынша жұмыс істеуге бағыттады.

 

Тұрғындар мен бизнес өкілдерінің арасындағы туындаған мәселелерді шешу талап етілді. Олар: «Меркурий» дүкенінің үстіне шатырдың тым жоғары салынғаны, Гагарин бульварындағы кезекті сауда орталығының құрылысы, Электротовар маңындағы болашақ жанар-жағар май құю бекетінің орналасуы және тағы басқалары. Уәкілетті ведомстволардың өкілдері барлық осы мәселелерді қайта қарастырып, зерттеп, шешуге уәде берді.

Тәуелсіздік даңғылындағы 8/1 көтерме сауда орталығындағы өздігінен жүретін нарықтық жағдай туралы қызу талқылау болды. Мұндағы проблемалар, көшелердегі сатушылар тудырған жағдайлар, сондай-ақ сауда орталығы иесініңқала әкімшілігімен сұхбаттасудан бас тартқандығына байланысты. Өскемен басшысы бұл мәселе шұғыл шешімдерді қажет ететінін айтты. Бұл мәселені шешуді жер қатынастары бөлімі, денсаулық сақтау, жергілікті полиция қызметі және басқа да уәкілетті органдар қамтамасыз етеді.

Кездесу қорытындысында Жақсылық Омар қала азаматтарына былай деді:

«Кездесуге келгендеріңізге рахмет», - деді қала басшысы. - Айдың әр сенбі күндері сенбілікте жүргендерге рахмет. Мен жасырмаймын, көпшілік өз туған қаласын тазарту үшін әрекет жасамады. Бірақ алғысқа лайық адамдар бар. Осындай кездесулер Өскемен қаласының қиындықтары мен ұмтылыстарын бірлесіп шешу үшін көмектеседі. Қала әкімшілігі көп нәрсені істей алады, бірақ азаматтардың өздерінің қолдауы мен қалауынсыз, бұл мағынасыз болады. Қаланың иесі - әкім емес. Қаланың иелері - оның тұрғындары. Біз сіздермен біргеміз. Біз осы қалада өмір сүріп жатырмыз және біз оған қамқорлық жасауымыз керек.