oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Бос жұмыс орындарының және мамандықтарының нәтижесі бойынша ақпарат

2018 жылы 23 мамырда қаланың халықты жұмыспен қамту орталығымен жалпы қалалық бос жұмыс орындарының және кәсіптердің жәрмеңкесі өткізілді.

Жәрмеңкені өткізу мақсаты: Жұмыссыз азаматтардың жұмысқа орналасуына және жұмыссыз азаматар және түлектерге лайықты мамандық таңдауда жәрдемдесу.

Бос жұмыс орындарының және кәсіптердің жәрмеңкесін Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Е.А. Литвинова ашты. Жәрмеңке қатысушыларына құттықтау сөздерін «Нұр Отан» партиясының Өскемен қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Ш. Екібасова, «Өскемен политехникалық колледжі» КМҚК директоры И.С. Исин, «Айтас-Энерго» ЖШС HR-маманы Н.В. Ракишева, қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы М.Ж. Кусаинова сөйледі.

Барлық жұмысқа орналасуды немесе жұмысын өзгертуді қалайтындар үшін жұмыс орындарын қаланың экономикалық саласының 56 түрлі ұйымдары мен кәсіпорындары ұсынды. Олардың ішінде – мынадай танымал компаниялар: «Иртыцветметремонт» ЖШС, «КазСпецРНП» ЖШС, «Востокмашзавод» ЖШС, «ВК Техногрупп» ЖШС, «ВК РЭК» АҚ, «Промстрой» ЖШС  және т.б.

Жұмыс берушілермен 400-ден астам бос жұмыс орындары ұсынылады: Кәсіпорындарға бухгалтер, инженер, бағдарламашы, заңгер, тәрбиелеуші, бастауыш сыныптарының мұғалімі, электргаздәнекерлеуші, электрмонтер, В,С,Д,Е категориясының жүргізушісі, электрмонтер, сатушы, инженер, цех басшысы, бас бухгалтер, кассир, логистика бойынша менеджер, кеден декларанті (мағлұмдаушысы) қажет.

Жәрмеңкеде бірнеше алаңдар жұмыс істеді: іскерлік, кеңестік, білім беру және кәсіби бағдарлау.

Жұмыс іздеп, бос жұмыс орындарының және кәсіптердің жәрмеңкесіне шамамен 700 адам қатысты.

Жәрмеңке барысында мамандық таңдау бойынша компьютерлі тестілеуден 5 адам өтті, түйіндеме құруда көмек алды 13 адам, сұхбат өтуден жұмыс берушілерден 162 адам шақырту алды.

Барлығы жылдың басынан Халықты жұмыспен қамту орталығына 2032 адам жүгінді,  жұмысқа орналасты – 1736, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына -91, Жастар іс-тәжірибесіне 71 адам, қоғамдық жұмыстарға – 177 адам қатысты, оқуға жіберілді 209.