oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Математика, физика, информатика мұғалімдерінің мектеп әдістемелік комиссиясы басшыларының "Педагогтарды аттестациялаудың жаңа үлгісіне көшу" семинары

Өскемен қаласының Қалалық білім беру бөлімінің жоспары бойынша 17 қазанда Өскемен қаласы әкімдігінің "№7 орта мектебі" КММ-де математика, физика, информатика мұғалімдерінің әдістемелік комиссияларының басшыларына арналған "Педагогтарды аттестациялаудың жаңа үлгісіне көшу" тақырыбында семинар өткізілді.

Қалалық білім бөлімінің әдіскері А.З.Нұрпейісова семинарға қатысушыларға педагогтарды аттестациялаудың жаңа үлгісі, нормативтік құжаттар, ұлттық біліктілік тестілеуін өткізу мерзімдері, педагогтар қызметінің қорытындысын кешенді талдау құжаттарына қойылатын талаптар туралы ақпарат берді. 2018 жылдың мамыр айында аттестациядан өткен мұғалімдер ұсынған материалдардағы оң тәжірибе мен кемшіліктерді атап өтті.

"№7 орта мектебі" КММ директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р. М. Соловьева кезекті және мерзімінен бұрын аттестаттау кезінде біліктілік санаттарына қойылатын талаптармен таныстырды.

Топпен жұмыс барысында физика пәні мұғалімдері И. М. Горлова және Н.М. Блинованың басшылығымен семинарға қатысушылар кезекті және мерзімінен бұрын аттестаттауға дайындық кезінде пайда болатын мәселелерді атап өтті, мектеп әдістемелік комиссиясы шеңберінде олардың шешу жолдарын анықтады.

Математика, физика, информатика мұғалімдері МӘК жетекшісі Керимова И.Б. жаңа үлгіні ескере отырып, МӘК педагогтарын аттестациялауға дайындау бойынша жұмысты ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті.

Семинар қорытындысы бойынша МӘК жетекшілері педагогтарды аттестацияға жүйелі түрде дайындауға және оны табысты өтуіне бағытталған ұсыныстар жасады.

Қатысушылар өткізілген семинардың тәжірибелік құндылығын атап өтіп, іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді.