oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Есеп «№29 қосымша білім беру мектеп-орталығы» КММ «Жас құтқарушы» орталығының ашық есік күнін өткізуі туралы

2018 жылдың 24 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің спорт базасында (манеж) «№ 29 қосымша білім беру мектеп-орталығы» КММ «Жас құтқарушы» орталығы Ашық есік күнін өткізді. Іс-шараға қала мектептерінен 180 адам қатысты. Ашық есік күні барысында балаларға құтқарушылардың жұмысы туралы айтып, «Жас құтқарушы» орталығының секцияларына қатысып жүрген құрдастары өрт сөндіру-құтқару спорты мен құтқару көпсайыс спорты бойынша өздерінің дағдылары мен шеберліктерін көрсетті.

№4 мектептің 7к кадет сынып оқушылары балалар алдында саптық дайындық бойынша қызықты көрініс көрсетті. Сонымен қатар балалар «Жас құтқарушы» орталығының көрме экспозициясымен танысты, онда олар орталықтың жұмысы, өткізілген іс-шаралар мен жетістіктері туралы білді.

Балалар скалодромда өздерін тексеріп, оқу мұнарасының терезесіне шабуыл сатысымен көтеріліп, өрт сөндірушінің жауынгерлік киімін киіп, зардап шегушіге көмек көрсету сабақтары оларды аса қызықтырыды.

ТЖ департаментінің қызметкерлері балаларға құтқару техникасы мен жабдықтарының көрмесін дайындады.

Іс-шара соңында оқушылар ТЖ департаментінің аумағында орнатылған мемориалдың жанында өрт сөндіруші-құтқарушыларды еске алды.

Көптеген балалар көріп білгеннен кейін, «Жас құтқарушы» орталығының спорттық секцияларына жазылды.

Өскемен қаласы әкімдігінің «ҚБМО № 29» КММ
директор орынбасары Е.Шатурный