oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Кадр қызметінің жұмысшылары және жұмыс берушілер назарына!

Қазақстанда 2019 жылдан электрондық еңбек шарттарын есепке алу жүйесі өндірістік пайдалануға жіберіледі.

«Еnbek kz» порталында 2018 жылғы 1 қарашадан еңбек шартымен қосымша келісім жасауға және оларды бұзуға мүмкіндік беретін электрондық еңбек шарттарын тіркеу бойынша  сервис жұмысын бастады.

Жұмыс берушілер үшін еңбек шарттарын тіркеу бойынша нұсқаулық Элекрондық еңбек биржасы порталында («enbek kz») жарияланды. Нұсқаулықты Сіздер «Көмек» - «Сұрақ және жауап»  бөлімінде таба аласыз.

Электрондық шартта жазба нұсқаның барлық деректері көрсетіледі, нақтырақ айтқанда тараптардың реквизиттері, еңбек шарты, демалыс режимі, еңбекақы мөлшері, жұмыскердің және жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері. Қолды электрондық сандық қолтаңба арқылы қояды. Сонымен қатар, оған енгізілетін өзгерістерді тіркеу міндетті болады, сондай-ақ шарттың әрекеті тоқталған жағдайдағы мәліметтер. Электрондық форматқа көшкен еңбек шарттары кадрлық есепті автоматтандыруға, қағаз еңбек кітапшаларын және басқа қағаз құжаттарды алып тастауға әкеледі.